Технология защиты от коррозии

Сипаттама: Пән өнеркәсіптің тау-кен металлургия саласының ғимараттары мен құрылыстарына қатысты агрессивті ортаның жіктелуін, екінші реттік қорғаныс тәсілдерін, қорғаныс жабындарының жіктелуін, үстіңгі қабаттарды жабындарға дайындауға дайындауды, материалдарды таңдау ережесін, қолданыстағы өндіріс жағдайында және жаңа объектілер үшін тоттануға қарсы жұмыстарды орындау технологиясын оқытады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Әр түрлі агрессияшыл ортаға арналған жаңа құрылғылар мен материалдарды пайдалану арқылы құрылыс конструкцияларын бастапқы және екінші мәрте қорғау тәсілдерің жүзеге асыру.
Міндет
  • Технологиялық құрылғылар мен материалдардың топтамасын іріктеп алу арқылы бастапқы және екінші мәрте қорғаудың тиімді технологиялық схемаларын таңдау
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Тоттану үрдісінің табиғатын зерттеу үшін химияның негізгі заңдарын пайдалану және оның негізінде тоттанып тозудың алдын алудың оңтайлы әдістерін жасау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Тоттануға қарсы қорғаудың оңтайлы технологиялық әдістерін және ортаный агрессияшыл деңгейі мен пайдалану шарттарына байланысты құрылыс конструкцияларының бетінің жабынын таңдай білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Құрылыс конструкцияларының апатсыз пайдалану кезеңін ұзарту үшін тоттануға қарсы қорғаудың технологияларын тиімді сақтауды білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Тоттануға қарсы қорғау жабынын қою бойынша орындаушылардан технологияларды сапалы орындауды талап ету және табандылық көрсете білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • шетелдің озық тәжірибесі негізінде құрылыс конструкцияларын тоттанудан қорғау үшін жаңа технологияларды іздеу қабілеті және тоттануға қарсы шаралардың тиімділігін арттыратын жаңа технологиялық идеяларды қалыптастыра білу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Коррозиялық бүліністер және агрессивті орта туралы жалпы мағлұмат. Құрылыс құрылымдары коррозиялық бүлінісі туралы жалпы мағлұмат. Коррозиядан болатын құрылыс саласындағы шығындар. Құрылыс құрылымдарын апатсыз пайдалану уақытын көбейтудегі коррозиядан қорғау маңыздылығы. Құрылыс құрылымдарын коррозиядан қорғаудағы жалпы ұстанымдар. Бірінші текті және екінші текті қорғау. Ортаның құрылыс құрылымдарына әсер ету дәрежесі бойынша және физикалық күйіне байланысты сұрыптамасы. Құрылыс құрылымдары коррозиялық тозуына көлемді-жоспарлы, қала құрылысы, құрылымдық және технологиялық факторлар әсері.
  • Бетон және темірбетон құрылымдарын коррозиядан қорғау. Бір текті және екінші текті қорғау. Бетон өткізгіштігі көрсеткішері туралы түсінік. Агрессивті ортаның әсер ету дәрежесі: газ күіндегі, қатты, сұйық органикалық және органикалық емес, топырақ. Ылғалды жағдай әсері. Материалдарға қойылатын талаптар: цементтер, толтырғыштар, су, бетон, арматура. Қорғау қабаты. Ақауға төзімділік категориялары және агрессивті орта. Бетон және темірбетон құрылымдары бетін коррозиядан екінші текті қорғау. Қорғау әдістері. Қорғау жабындардын материалдарына талаптар. Іргетастарды қорғау ерекшеліктері. Толтырғыш бөлшектерді қорғау. Еденді қорғау ерекшеліктері. Үймереттерді қорғау (түтін шығаратын мұнаралар, резервуарлар, құбыр өткізгіш).
  • Электркоррозиядан құрылымдарды қорғау. Тас және асбестцементті құрылымдарын қорғау ерекшеліктері. Электркоррозия туралы түсінік. Адасқан токтармен коррозия қаупінің көрсеткіштері. Белсенді және белсенсіз қорғау. Тас және асбестцементті құрылымдарын қорғау ерекшеліктері. Материалдар және қорғау жабындарын таңдау.
  • Ағаш құрылымдарын коррозиядан қорғау. Ағаштағы коррозиялық процестердің ағу ерекшеліктері. Орта агрессивтігінің дәредесі. Химиялық агрессивті ортадағы пайдаланатын ағаш құрылымдарына қойылатын қосымша талаптар. Ағашты қорғау әдістері. Антисептирлеу, консерврлеу, лакбояғыш материалдармен жабу, кешенді әрекеті құрама сіңдіру.
  • Тақырып 5 Метал құрылымдарын коррозиядан қорғау. Метал құрылымдардың коррозиялық тозу туралы түсінік. Коррозияның түрлері. Металл құрылымдар ыесебіндегі коррозиялық тозуды ескеру. Коррозиялық тозуға байланысты элементтер қимасының геометриялық сипаттамаларын анықтау. Коррозиялық тозу жылдамдығына құрылымдық факторлардың әсері. Бірігу коэффициенті. Құрылымдыұ шешімдер мысалы. Коррозияға төзімділік шарттарына сәйкес метал құрылымдары материалдарына қойлатын талаптар. Болат және алюминий құрылымдарын бетін коррозиядан қорғау. Бетті дайындау. Лак бояғыш жабындар. Болаттау. Электро химиялық қорғау. Химиялық оксид. Метал құрылымдарын коррозядан қорғау ерекшеліктері. (түтін шығаратын мұнаралар, резервуарлар).
  • Коррозияға қарсы қорғаудағы беттерді дайындау тезнологиясы. Болат құрылымдары бетін тазарту. Химиялық тазарту әдістері. Болат құрылымдары бетін пассивтеу. Темірбетон құрылымдары бетін тазарту. Бетонның қорғау қабатын жаңарту.
  • Бетон бетіне қорғау қабатын жағу. Бетон бетіне қорғау жабының жағу әдісі. Беттін сапасына талаптар. Бетон ылғалдылығының әсері. Көпқабатты жамылғыларды жағу ережелері. Жапсыру және қаптау.
  • Метал бетке қорғау қабатын жағу. Зауыттағы металқұрылымдары және құрылыс алаңы жағдайындағы лак бояғыш қорғау қабаттарын жағу әдістері. Қолданылатын технологиялық жабдық және құрылғы. Қорғау жамылғылары сапасын бақылау.
  • Ағашқа қорғау жамылғысын жағу технологиясы. Ағаш бетін антисептиктер және антипирендермен қорғау әдістері. Сіңірілу тереңдігіне жағу әдісінің әсері. Ағаш бетін лак бояғыш жамылғыларымен қорғау.
Негізгі әдебиет
  • СНиП РК 2.01-19-2004. Защита строительных конструкций от коррозии / Комитет по делам строительства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан. - Астана, 2004. - 62 с.
  • Махиев Б.Е., Хапин А.В. Строительные конструкции в агрессивных средах: Методические указания к практическим занятиям для студентов специальности 5В072900 "Строительство". - Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2012. - 34 с.
  • Журнал "Технология металлов" / Наука и технологии. – М, 2012 г.
  • Зарубина, Л.П. Защита зданий, сооружений, конструкций и оборудования от коррозии. Биологическая защита. Материалы, технологии, инструменты и оборудование. / Л.П. Зарубина. - Вологда: Инфра-Инженерия, 2015. - 224 c.
  • Семенова, И.В. Коррозия и защита от коррозии: Учебное пособие / И.В. Семенова, Г.М. Флорианович, А.В. Хорошилов. - М.: ФИЗМАТЛИТ, 2010. - 416 c.
  • Семенова И.В., Флорианович Г.М., Хорошилов А.В. Коррозия и защита от коррозии. М., 2006. – 306 с.
  • Шевченко, А.А. Химическое сопротивление неметаллических материалов и защита от коррозии / А.А. Шевченко. - М.: КолосС, 2006. - 248 c.
  • Федосова Н.Л., Румянцева В.Е., Румнцева К.Е., Балмасов А.В., Чекунова М.Д. «Антикоррозионная защита металлов». Иваново. 2009 – 187 с
  • С. Н. Алексеев. КОРРОЗИЯ И ЗАЩИТА АРМАТУРЫ В БЕТОНЕ. Москва, 2004.