Геодезические работы на строительной площадке

Сипаттама: Курс топографиялық карталар мен жоспарлардағы міндеттерді шешу бойынша, қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып топографиялық жоспарларды жасау үшін ірі масштабты топографиялық түсірілімдерді жүргізумен байланысты геодезиялық жұмыстар кешенін орындау бойынша, жоспарлы және биіктік түсірілім негіздемесін жасау бойынша, сондай-ақ құрылыс алаңында туындайтын әртүрлі геодезиялық міндеттерді шешу бойынша білім, білік және дағды алуға мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге түсініктер беру керек. - топографиялық негізді құру, іздестіру кезіндегі орындалатын, құрылыстар мен ғимараттарды салу және жобалаудағы орындалатын топографиялық-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен мазмұны туралы; - жобаны жер бетіне шығару; - әртүрлі инженерлік объектілерді құрылысы кезіндегі геодезиялық өндірістің әдістері (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар).
Міндет
  • Студент білу керек: әртүрлі инженерлік объектілердің (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар) құрылысы мен жобалауын қамтамасыз етудегі геодезиялық жұмыстардың технологиясы мен құрамын.
  • Студент істей білуі қажет: - топографиялық картаны еркін оқи және ондағы негізгі есептерді графикалық және есептеу сипатында шешу; - геодезиялық аспаптар мен инструменттердің көмегімен жобалық және құрылыстық есептерді шешуге байланысты қиын емес геодезиялық өлшеулер мен жұмыстарды өз бетімен орындау; - өлшеулердің математикалық өңдеуін жүргізу (координаталар ведомосін, түзу және қисық ведомосін есептеу, тахеометриялық түсірістің журналын, техникалық нивелирлеу журналын өңдеу); - өлшеудіңқорытындысын графикалық рәсімдеу (топографиялық план, бойлық және көлденең қималарды салу, жер жұмыстарының картограммасының жазық және тік жобалау планы).
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды спецификасын білу;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • кономикада заманауи технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануды қамтамасыз етіп, геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар кезіндегі геодезиялық жұмыстардың заманауи тәсілдері мен әдістерін қолдануды білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әртүрлі геодезиялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу қабілеттілігі;
Негізгі әдебиет
  • Юнусов А.Г., Беликов А.Б., Баранов В.Н., Каширкин Ю.Ю. Геодезия. – М.: Академический Проект; Гаудеамус, 2011
  • Попов В.Н., Чекалин С.И. Геодезия. – М.: «Горная книга», 2007
  • Атрошко Е.К., Иванова М.М., Марендич В.Б. Геодезия в промышленном и гражданском строительстве. – Гомель: БелГУТ, 2009
  • Михаленко Е.Б., Загрядская Н.Н., Беляев Н.Д. Инженерная геодезия. Решение основных инженерных задач на планах и картах. – СПб.: Изд-во Политехн. ун-та, 2006