Экономикалық талдау

Сипаттама: Экономикалық талдау экономикалық, басқарушылық және қаржылық талдаулар теориясының синтезі ретінде. Талдау тәсілдері және аналитикалық есептеулерді жүргізу техникасы. Басқарушылық талдаудың, қаржылық талдаудың мазмұны және оларды жүргізу әдістемесі. Талдаудағы экономика-математикалық үлгілер. Кәсіпорын қызметін қысқа мерзімдік талдау.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • . Басқарушылық шешімдерді қабылдауды негіздеу үшін кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін талдау бойынша менеджмент функцияларын игеру.
Міндет
  • Экономикалық ойлау мен талдаудың логикасын игеру және экономикалық ақпараттарды өзара байланыстыру мен жүйеліліг; аналитикалық есептеулер техникасын тәжірибеде қолдану қабілеттілігі; басқарушылық шешімдерді қабылдауды негіздеу үшін ғылыми негізделген ұсыныстарды өңдеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау әдіснамасы, әдісі және әдістемесі аясындағы теориялық білімдері; ұйым қызметінің нәтижесі ретінде туындайтын себепті-салдарлық байланыстар, сонымен қатар олардың сандық бағасы, өнім мен ықзметтің өзіндік құнын жоспарлау және талдау негіздері туралы түсініктері, кәсіпорының экономикалық және қаржылық жағдайын диагностикалаудың теориялық білімдерін игеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Экономикалық құбылыстар мен үрдістерді бөлшектей, жүйелей және үлгілей алу; бухгалтерлік, статистикалық, басқарушылық есеп берулердегі талдауға арналған ақпараттық базаны қолдана білу; кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру бойынша басқарушылық шешімдерді негіздеу және қабылдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Үрдістер мен құбылыстардың талдауындағы тәсілдер және теориялар, іс жүзіндегі қағидаларын сыни талдай білу, аналитикалық мәселелерді шешу бойынша әртүрлі пәндерден алынған білімдерді интеграциялау. Жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде креативті ойлай білу және шығармашылықты түрде қарау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ауызша өз ойын дұрыс және логикалық түрде өңдеу, дағдыларды шешендік өнермен жүзеге асыра білу Білім беру мекемелерінің әртүрлі деңгейлерінде экономикалық пәндерді оқытуға дайын болу . Басқарушылық шешімдерді қабылдауда және негіздеу үрдісінде командада жұмыс істей білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қойылған мақсатқа сай экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерін таңдау және қолдану; талдау жүргізуге қажетті кәсіпорындағы бастапқы ақпараттық мәліметтерді жинау және дайындау; нәтижелік көрсеткіштерді факторлық талдаудың есептеулерін жүргізу; кәсіпорын қызметінің нәтижелерін жалпылау және бағалау; бар және әлеуетті мәселелерді айқындау және болжау; кәсіпорынның өндірістік әлеуетін және қаржылық ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін нақты шараларды әзірлеу; калькуляцияның түрлі жүйелеріндегі және әртүрлі салалар үшін өнімнің өзіндік құнының практикалық есептеулерін жүргізу дағдыларына ие болу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Курстың пәні мен міндеттері. Экономикалық талдау (ЭТ) ғылым және практика ретінде. Экономикалық талдаудың жалпы мақсаты. Пәннің құрылымы. Кәсіпорынды басқарудағы кәсіпорынның экономикалық қызметін талдаудың рөлі. Экономикалық талдау пәні мен негізгі өзекті міндеттерін анықтау
  • Экономикалық талдауды ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету. Экономикалық талдау түрлері, олардың мазмұны. Функционалдық шығындарды талдау негіздері
  • Экономикалық талдаудың негізгі әдістері. Дәстүрлі экономикалық талдау әдістері. Факторлық талдаудың детерминистік әдістері
  • Стохастикалық экономикалық талдау әдістері. Интуитивті (сарапшы) әдістер. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін кешенді бағалау әдістері
  • Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау. Нарықты талдау. Кәсіпорындар мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін талдау. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерін талдау.
  • Кәсіпорынның операциялық қызметін талдау. Талдаудың мәні мен міндеттері. Өнімнің көлемін, құрылымын және жалпы өндірісті талдау. Өндірістік бағдарламаны факторлық талдаудың жүйелілігі мен әдістемесі. Өнімнің өткізу көлемін талдау.
  • Кәсіпорын өндірісінің техникалық және ұйымдастырушылық деңгейін талдау. Өндірістің техникалық деңгейін талдау: технологияның жағдайы, технологияның жай күйі.
  • Кәсіпорынның негізгі қорының болуы мен пайдаланылуын талдау. Негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту факторлары. Негізгі қордың болуын, жағдайы мен қозғалысын талдау.
  • Кәсіпорын айналым капиталының тиімділігін талдау. Тиімділік көрсеткіштерін талдау.
  • Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау. Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру үлгісі. Қаржылық нәтижелердің деңгейін, динамикасын және құрылымын талдау. Операциялық кірісті факторлық талдау.
  • Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау. Инвестициялық жобалардың тиімділік көрсеткіштері. Кәсіпорын қызметінің инвестициялық талдауының әдіснамасының ерекшеліктері.
Негізгі әдебиет
  • 1 Александров О.А. Экономический анализ: учебное пособие - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: ИНФРА-М, 2016
  • 2 Казакова Н.А. Экономический анализ в оценке бизнеса и управлении инвестиционной привлекательностью компании. - М.: Финансы и статистика , Инфра-М, 2017
  • 3 Маркин Ю.П. Экономический анализ. Учебное пособие. - М.: Омега-Л, 2012
  • 4 Прыкина Л.В. Экономический анализ предприятия: учебник для бакалавров.- М.: Дашков и К, 2018
  • 5 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебное пособие / Г.В.Савицкая . – 13-е издание. – МН.: Новое знание, 2011.
  • 6 Турманидзе Т.У. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: Учебник – Алматы: LEM, 2011.
  • 7 Турманидзе Т.У. Финансовый анализ: учебник.- 2-е изд.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2017.
  • 8 Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағұлова Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2010 ж.
  • 9 Rogers H. Diffusion of innovations – New York The Free Press Hall, 2012
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Казакова Н.А. Управленческий анализ: комплексный анализ и диагностика предпринимательской деятельности: учебник для студентов вузов 2-е изд., доп. и перераб. - М. : ИНФРА-М, 2015 2 Мазурова И.И. Комплексный экономический анализ предприятия: Учебник для Вузов. - СПб.: Питер. 2012 3 Журнал «Экономический анализ: теория и практика»