Бәсекеге қабілетті ортада кәсіпорындарды басқару

Сипаттама: Стратегиялық талдау әдістерін зерттеу және кәсіпорын қызметінің қазіргі тәжірибесінде Стратегиялық менеджмент құралдарын қолдануға үйрету. Ұйымның және мемлекеттің стратегиясы туралы түсінігін кеңейту; - стратегиялық талдау әдістерін білуін тереңдету; - стратегиялық баламаларды әзірлеу тәсілдері мен оларды бағалау принциптерін үйрету; - магистранттың кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде макро және микро деңгейде стратегиялық басқару саласында алынған теориялық білімдерді қолдану дағдыларына үйрету.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер