Геодезия
Сипаттама: Пәнін оқу барысында студенттер қазіргі заманғы геодезиялық жабдықтарды (топографиялық карталар (жоспарларды) жасау үшін топографиялық түсірулер, жоспарлы және биіктік түсірілім негіздемесін құру, геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу, топографиялық карталар, жоспарларда есептерді шешу) қолдана отырып, инженерлік құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті геодезиялық жұмыстар кешенін орындау дағдылары мен біліктерін меңгереді.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттерге түсініктер беру керек. - топографиялық негізді құру, іздестіру кезіндегі орындалатын, құрылыстар мен ғимараттарды салу және жобалаудағы орындалатын топографиялық-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен мазмұны туралы; - жобаны жер бетіне шығару; - әртүрлі инженерлік объектілерді құрылысы кезіндегі геодезиялық өндірістің әдістері (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар).
Міндет
- Студент білу керек: әртүрлі инженерлік объектілердің (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар) құрылысы мен жобалауын қамтамасыз етудегі геодезиялық жұмыстардың технологиясы мен құрамын.
- Студент істей білуі қажет: - топографиялық картаны еркін оқи және ондағы негізгі есептерді графикалық және есептеу сипатында шешу; - геодезиялық аспаптар мен инструменттердің көмегімен жобалық және құрылыстық есептерді шешуге байланысты қиын емес геодезиялық өлшеулер мен жұмыстарды өз бетімен орындау; - өлшеулердің математикалық өңдеуін жүргізу (координаталар ведомосін, түзу және қисық ведомосін есептеу, тахеометриялық түсірістің журналын, техникалық нивелирлеу журналын өңдеу); - өлшеудіңқорытындысын графикалық рәсімдеу (топографиялық план, бойлық және көлденең қималарды салу, жер жұмыстарының картограммасының жазық және тік жобалау планы).
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды спецификасын білу; геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын геодезиялық аспаптар мен инструменттер, олардың қорытындыларын математикалық өңдеу, сондай-ақ топографиялық карталар (пландар) құру әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Экономикада заманауи технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануды қамтамасыз етіп, геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар кезіндегі геодезиялық жұмыстардың заманауи тәсілдері мен әдістерін қолдануды білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Әртүрлі геодезиялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу қабілеттілігі; коллективте ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Геодезиялық аспаптар және инструментермен жұмыс істеу дағдылары.
- Геодезиялық техникалық құжаттарды құруға дайындау.
Оқыту әдістері
интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу
берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру
- ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);
іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі)
оқу міндеттерін шешу
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Топографиялық картада есептерді шешу | 0-100 |
Теодолит құрылғысы. Теодолитпен жұмыс. | ||
Теодолиттік және тахеометриялық түсірілім материалдарын өңдеу | ||
Топографиялық жоспар құру | ||
Аралық бақылау (тестілеу) | ||
2 рейтинг | Нивелир құрылғысы. Нивелирмен жұмыс | 0-100 |
Геометриялық нивелирлеу материалдарын өңдеу, түзулер мен қисықтардың ведомосін есептеу | ||
Трассаның бойлық және көлденең профильдерін салу | ||
Квадраттар бойынша бетті нивелирлеу. Көлденең және көлбеу алаңдарды жобалау. | ||
Аралық бақылау (тестілеу) | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе лекция
- Геодезиядағы координаталар жүйелері
- Топографиялық карталар мен пландар
- Жергілікті-жердегі түзулердің бағытталуы
- Жер бедері
- Геодезиялық өлшемдер және қателіктер
- Теодолиттер
- Теодолиттік жүрістер
- Тахеометриялық түсіріс
- Нивелир
- Нивелирлеу
- Жер бедерін нивелирлеу
- Тегіс алаңдарды жобалау
- Геодезиялық торлар
- Геодезиялық бөлу жұмыстары
Негізгі әдебиет
- Попов В.Н., Чекалин С.И. Геодезия. – М.: «Горная книга», 2017
- Юнусов А.Г., Беликов А.Б., Баранов В.Н., Каширкин Ю.Ю. Геодезия. – М.: Академический Проект; Гаудеамус, 2020
- Авакян В.В. Прикладная геодезия: технологии инженерно-геодезических работ. - М.: Инфра-Инженерная, 2019
Қосымша әдебиеттер
- Михелев Д.Ш. Инженерная геодезия. – М.: ACADEMA, 2009
- Симонян В.В., Кузнецов О.Ф. Геодезия: сборник задач и упражнений - М.: НИУ МГСУ, 2015