Автотехникалық сараптама
Сипаттама: Пән жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептері мен жағдайларын анықтауға байланысты сараптамалық жұмыстарды тағайындау мен жүргізудің теориялық, практикалық және әдістемелік ережелері мен негіздерін зерделеуді қарастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Көлік құралдарынның қауіпсіздігі
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты болып студенттердің жол-көлік оқиғаларын талдау және сараптау саласында кәсіптік білмдерді меңгеру болып табылады.
Міндет
- Пәнді оқудағы міндет болып автомобиль жолдары мен қалалардағы көлік ағындарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған автотехникалық сараптамаларды өткізуді ұйымдастыру аспектілері бойынша білімдерді меңгеру болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Сот сарапшысының құзыреті, құқықтары мен міндеттері. Маманның құқықтары мен міндеттері. Оқиға орны мен көлік құралдарын тексерудегі, ЖКО жағдайын қайта жаңартудағы маман-трассологтың рөлі. Шиналардың іздері бойынша көлік құралдарын орнату әдістемесі. Контактілі өзара әрекеттесудің іздері бойынша автомобильді теңестіру әдістемесі. Автомобиль моделін анықтау әдістемесі және оны бөлінген бөлшектер мен бөліктер бойынша теңдестіру. Көлік құралдарының қозғалыс бағыты мен соқтығысу Орнын белгілеу әдістемесі. Көлік құралдарының істен шығуы мен ЖКО арасындағы себепті байланысты анықтау әдістемесі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- 1. ЖКО материалдарын автотехникалық сараптаманы өткізу үшін жеткіліктілік тұрғысынан бағалау және техникалық және ұйымдастырушылық жеткіліксіздіктерін анықтау. 2. ЖКО механизмін талдау кезінде көліктік-трасологиялық және техникалық сараптамаларды өткізудің бар әдістемелерін қолдана білу. 3. Әртүрлі жол, көліктік және метеорологиялық жағдайларда көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларын жақсарту бойынша кешенді іс-шаралар жасау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- 1. Теориялық білімдерін автотехникалық сараптамаларды тағайындауды негіздеу және ЖКО-мен байланысты нақты мәселелерді шешу кезіндеі қолдана білу. 2. Көзқарас шеңбері және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға көмегін тигізетін базалық білмдерді меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- 1. ЖКО жағдайларын тергеу саласындағы кәсіпқойлық іс-әрекеттер қажет ететін, маманның санаттық сипаттамасы бойынша біліміне және машықтарына қойылатын талаптар дәрежесіне жету.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- 1. Ақпаратты қабылдау, ақпаратты талдау, оқытудың жаңа әдістерін пайдалану машықтарын меңгеру, кәсіптік іс-әрекет және пайдалану шеңберін кеңейту, білімді кеңейту және тереңдету қажеттілігін түсіну.
Негізгі әдебиет
- Домке, Э. Р. Расследование и экспертиза дорожно-транспортных происшествий: учебник для студентов вузов/ Э. Р. Домке – М. : Академия , 2009 – 288 с. 2. Городокин, В.А. Экспертиза дорожно-транспортных происшествий, осмотр места ДТП, схема ме-ста ДТП: учебное пособие/ сост.: В.А. Городокин, А.Е. Вязовский. – Челябинск: Издательский центр ЮУрГУ, 2010. – 48 с. 3. Недобитков А.И. Экспертное исследование технического состояния транспортных средств. Учебное пособие/ ВКГТУ - Усть-Каменогорск, 2006.-100с.