Жол шарттары және қозғалыстың қауіпсіздігі
Сипаттама: Бүл пән қажетті білім алуға мүмкіндік береді: жолдың көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын анықтау; жолдың көлік құрылысы ретінде жұмыс істеу ерекшеліктері; нақты жол жағдайларында көлік ағындарының қозғалыс заңдылықтары, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді шешу.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
курстық жоба | |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттердің алған білімдерін келешекте тәжірибеде автомобиль жолдарын тексеруді ұйымдастыру кезінде қолдана білулері; көлік ағынының қозғалыс қауіпсіздігі мен жолдың пайдалану көрсеткіштерін бағалай білулері; қозғалыс қауіпсіздігін және жолдың көліктік-пайдалану сапа көрстекіштеріне байланысты кешенді шараларды ұйымдастыра білу болып табылады.
Міндет
- Пәнді оқытудың негізгі міндеті болып – жолдың көліктік-пайдалану сипаттамаларымен, жол көрсеткіштерін пайдаланудың бағалау әдістерімен, қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату тәсілдері және қауіпті телімдерін анықтаумен таныстыру болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жолдың көліктік жұмысының негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын; көліктік құрылым ретіндегі жол жұмысының ерекшеліктерін; нақты қозғалыс жағдайларындағы көлік ағыны қозғалысының заңдылықтарын білу қажет.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Теориялық білімін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты міндеттерді шешуде қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Теориялық білімін автомобиль жолдары жұмысының тиімділігін арттыруда жағдай жасауға қолдана білуі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Конструкторлық және ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру барысында профессионалды қызметтің маманға қоятын білім мен оқудың біліктілік талап сипаттарының деңгейіне жету.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті профессионалдық қызметте қажетті жаңа арнайы білімінің дағдысын игеру және магистратурада білімін жалғастыру.
Негізгі әдебиет
- Бабков В.Ф. Дорожные условия и безопасность движения. - М.: Транспорт, 2005. - 208 с. Методические указания по проведению практических занятий по дисциплине "Дорожные условия и безопасность движения" для студентов специальности 050901"Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта"/ Пшеничная О.А. - Усть-Каменогорск: ВКТУ, 2011. - 52 с. Методические указания по выполнению курсового проекта по дисциплине "Дорожные условия и безопасность движения" для студентов специальности 050901"Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта"/ Пшеничная О.А. - Усть-Каменогорск: ВКТУ, 2007. - 33 с.