Микро-макроэкономика

Байтикенова Гульжан Альпековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Микроэкономика бұл ресурстардың шектелген жағдайында шешімдерді ұтымды қабылдау туралы ғылым, онда жекелеген экономикалық субъектілердің, атап айтқанда тұтынушылар мен фирмалардың мінез-құлқы зерттеледі. Макроэкономика жұмыссыздық, баға деңгейі, экономикалық циклдер, ұлттық кіріс, салық-бюджет және қаржы-несие саясаты сияқты агрегаттық көрсеткіштерді қарастырады.

Кредиттер саны: 4

Пререквизиты:

  • Экономикалық теория

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 60
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Микроэкономика және макроэкономика саласында білімді қалыптастыру, экономикалық пәндердің әдістемелігімен танысу, экономикалық талдаудың теориялық аспектілерін меңгеру, графикалық талдау әдістерін меңгеру, практикалық пәндерді оқыту үшін база құру.
Міндет
  • кәсіпорынның, салалардың және нарықтардың негізгі категорияларын, даму заңдылықтарын зерттеу;
  • экономиканың кез келген саласында қолданылатын талдау әдістерін, тәсілдерін дербес қолдану үшін негізгі микроэкономикалық процестерді зерттеу әдіснамасын оқыту;
  • жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, өндіріс факторлары, тұтыну, жинақ, инвестиция, макроэкономикалық тепе-теңдік сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің әдіснамасын пайдалана отырып, қазіргі макроэкономикалық талдауды қабылдау дағдыларын меңгеру;
  • экономикалық-математикалық үлгілердегі аналитикалық айнымалылардың өзара байланысына сүйене отырып, нақты жағдайларды талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • микро және макро деңгейде қазіргі экономиканың қызмет ету заңдылықтарын жүйелі түсінуді көрсету;
  • микро және макроэкономика және қолданбалы экономикалық пәндердің негізгі түсініктері мен құралдарын меңгеру;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • микро-макро деңгейде экономикалық құбылыстарды, үдерістер мен институттарды талдау әдістері тапсырмаларын шешу үшін қолдану;
  • леуметтік-экономикалық үдерістер мен құбылыстар туралы отандық және шетелдік статистиканың деректерін түсіндіру;
  • әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру үрдісін анықтау;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • экономикалық деректерді өңдеу үшін аспаптық құралдарды таңдауды жүзеге асыру;
  • жағдайларды сипаттау негізінде стандартты теориялық үлгілерді құру;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • нарықтық экономика жағдайында тұтынушылар мен фирмалардың экономикалық мінез-құлқын оқыту процесінде коммуникативтік қабілеттерін пайдалану;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • микроэкономикалық және макроэкономикалық міндеттерді дербес шешу үшін экономикалық ақпаратты өз бетінше іздеу дағдысы болу
  • кәсіби қатынас және мәдениетаралық дағдысы болуы тиіс
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (слайд-дәріс немесе бейне-дәріс түрінде материалдарды көрсету арқылы дәріс-визуализация)

семинар сабақтары (әңгіме, әңгімелесу, түсініктеме, хабарлама, баяндама, эссе, рефераттар)

практикалық сабақтар (міндеттерді шешу, тестілеу, іскерлік ойындар, тренингтер)

бақылау сабақтары (сұрау, тестілеу, бақылау жұмысы)

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Семинар сұрақтарына жауап беру 0-100
Семинар сұрақтарына жауап беру
Есептер шығару
Тестілеу
бақылау жұмысы
2  рейтинг Семинар сұрақтарына жауап беру 0-100
Семинар сұрақтарына жауап беру
Есептер шығару
Тестілеу
бақылау жұмысы
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Микроэкономиканың пәні мен әдісі, сұраныс, ұсыныс және нарықтық тепе-теңдік
  • Тұтынушылық мінез-құлық және сұраныс теориясы
  • Кәсіпорын, өндіріс және ұсыныс игіліктер
  • Фирманың әр түрлі нарықтық құрылымдардағы тәртібі
  • Өндіріс факторларының нарығы
  • Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік
  • Экономиканы талдауға макроэкономикалық көзқарас
  • Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік
  • Классикалық және кейнсиандық үлгілерде өндірістің тепе-тең көлемі
  • Монетарлық саясат, фискалдық саясат
  • Макроэкономикалық динамика
  • Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш
  • Төлем балансы және валюталық бағамдар
  • Халықаралық сауда және сауда саясаты
Негізгі әдебиет
  • Журавлева Г.П., Экономическая теория. Микроэкономика. - М.: ИНФРА-М, 2017г, 440с.
  • Маховикова Г.А. Микроэкономика: учебник и практикум для прикладного бакалавриата / Г.А.Маховикова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Издательство Юрайт, 2015. - 281 с.
  • Лукманова, И.Г. Микроэкономика: Учебник для бакалавров / И.Г. Лукманова, Е.В. Нежникова, М.В. Чаруева и др. - М.: АСВ, 2013. - 292 c.
  • Слобцов, И.А. Микроэкономика. Макроэкономика (для бакалавров) / И.А. Слобцов, О.В. Шашкова. - М.: КноРус, 2013. - 472 c.
  • Тарануха, Ю.В. Микроэкономика (тесты, графические упражнения, задачи): Учебное пособие / Ю.В. Тарануха; Под общ. ред. А.В. Сидорович. - М.: ДиС, 2013. - 208 c.
  • Тарасевич, Л.С. Микроэкономика: Учебник для бакалавров / Л.С. Тарасевич, П.И. Гребенников, А.И. Леусский. - М.: Юрайт, 2013. - 543 c.
  • Чеканский, А.Н. Микроэкономика. Промежуточный уровень: Учебник / А.Н. Чеканский, Н.Л. Фролова. - М.: Проспект, 2016. - 688 c.
  • Агапова, Т.А. Макроэкономика: Учебник / Т.А. Агапова, С.Ф. Серегина. - М.: МФПУ Синергия, 2013. - 560 c.
  • Аносова, А.В. Макроэкономика: Учебник для бакалавров / А.В. Аносова, И.А. Ким, С.Ф. Серегина. - М.: Юрайт, 2013. - 521 c.
  • Бланшар, О. Макроэкономика: Учебник / О. Бланшар. - М.: ГУ ВШЭ, 2015. - 653 c.
  • Вымятнина, Ю.В. Макроэкономика в 2 ч. часть 2: Учебник и практикум для бакалавриата и магистратуры / Ю.В. Вымятнина, К.Ю. Борисов, М.А. Пахнин. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 198 c.
  • Гусейнов, Р.М. Макроэкономика: Учебное пособие для бакалавров / Р.М. Гусейнов, В.А. Семенихина. - М.: Омега-Л, 2014. - 254 c.
  • Журавлева, Г.П. Экономическая теория. Макроэкономика -1, 2. Метаэкономика. Экономика трансформаций: Учебник / Г.П. Журавлева. - М.: Дашков и К, 2016. - 920 c.
  • Розанова, Н.М. Макроэкономика. продвинутый курс в 2 ч. Часть 1: Учебник для магистратуры / Н.М. Розанова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 283 c.
Қосымша әдебиеттер
  • Тиссен, Е.В. Микроэкономика: Индивидуальное поведение и стратегическое взаимодействие участников рынка: Учебное пособие / Е.В. Тиссен, И.А. Борисов. - М.: Флинта, 2016. - 92 c.
  • Киреев, А.П. Международная Микроэкономика: Учебник / А.П. Киреев. - М.: МО, 2013. - 72 c.
  • Кузнецов, Б.Т. Макроэкономика: Учебное пособие / Б.Т. Кузнецов. - М.: ЮНИТИ, 2014. - 463 c.
  • Мэнкью, Н. Макроэкономика. / Н. Мэнкью. - СПб.: Питер, 2013. - 560 c.
  • Поляков, В.В. Макроэкономика (для бакалавров) / В.В. Поляков, Р.К. Щенин. - М.: КноРус, 2013. - 320 c.