Жобалық қызмет негіздері
Сипаттама: Пән жобалау қызметі шеңберінде ғылыми зерттеулер әдіснамасының негіздерін ашады, ғылыми танымның әртүрлі деңгейлерін, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу кезеңдерін қарастырады, зерттеу бағытын таңдауды, ғылыми-техникалық проблеманы қоюды, теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізуді, ғылыми жұмыс нәтижелерін рәсімдеу бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жаратылыстану ғылымдары. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Жалпы білімдік пәндер
Мақсат
- Білім алушылардың бойында динамикалық және өзгермелі сыртқы орта жағдайында кәсіпорындарда жобалық қызметті жүргізуге байланысты кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру
Міндет
- жобалау қызметі пәнінің негізгі ұғымдарын зерттеу
- маркетингтік ортаның әртүрлі жағдайларында жобалық қызметтің теориялық аспектілерін қарастыру
- жобаның әртүрлі жүйелерін басқару контекстіндегі белгісіздік жағдайын азайту үшін сандық және сапалық зерттеулер жүргізу
- жобалық гипотезаларды қалыптастыру технологиясын зерттеу
- жобалық басқарудың классикалық технологияларын қарастыру
- жобалық басқарудың инновациялық технологияларын қарастыру