Өндірістегі аналитикалық бақылау
Сипаттама: Өндірістің аналитикалық циклі. Аналитикалық бақылаудың түрлері: маркілеуші, арбитражды (бақылау және тексеру), экспресс-анализ (технологиялық процесті ағымдық бақылау) – әдістердің мазмұны, аналит сапасын өлшеуде қолданылатын әдістер, әдіс дәлдігі, артықшылықтары мен кемшіліктері, өндірісте қолдану аймағы. Аналитикалық бақылау метрологиясы Өлшеу жүргізу әдістемелері: анықтау, өлшеу жүргізу әдістемелерін жасау және аттестаттауға қажетті нормативті құжаттар. МВИ жасау этаптары. МВИ аттестациясы: мәні, анықтамасы, аттестаттау этаптары. МВИ аттестаттауға қажетті құжаттар. Аналитикалық зертханалар аккредитациясы: түсінік, аккредитация этаптары, аккредитация жағдайлары, Қазақстан Республикасындағы аккредитация органдары. Зертханаларды аккредитациялауға қойылатын талаптар. Зертханаішілік сапа бақылауы – түсінік, түрлері, бақылау құралдары, құжаттамалар. Стандартты үлгілер – анықтамасы, классификация, қолданылуы, стандартты үлгілерге қойылатын талаптар, стандартты үлгілер жасау және аттестаттау. Зертханааралық салыстырмалы сынағы – түсінік, мәні, құжаттамалар.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Химия. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- өндірістің жеке кезеңдерінің аналитикалық бақылауды жүргізуді ұйымдастырудың теориялық, практикалық және метрологиялық негіздерін оқыту.
Міндет
- - аналитикалық бақылау әдістерін өндірістік жіктелуін қарастыру; - үлгі алу және дайындау әдістерімен танысу; - өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуінің негіздерімен студенттерді таныстыру; - өндірісті аналитикалық бақылаудың нысаналары мен негізгі функцияларымен студенттерді таныстыру; - студенттерді зертханаішілік сапа бақылауы және зертханааралық салыстыру зерттеулерімен таныстыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - талдаудың сапалық, сандық және физикалық-химиялық әдістерінің теориялық негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - Аналитикалық химияның теориялық концепциялары мен нақты материалын шығармашылық талдай білу; -арнайы анықтамалық және ғылыми-техникалық әдебиеттерді қолдана білу, зертханалық, курстық жұмыстарға дайындық және рефераттар жазу; - химиялық талдау жүргізу үшін Қарапайым қондырғыларды жинау; - техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып химиялық талдау жүргізу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - стандартты емес шешімдер қабылдай алады; - ғылыми эксперименттердің нәтижелерін өңдеу және дербес ғылыми зерттеулерді жүргізу кезінде ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беру кезінде қолданылатын заманауи компьютерлік технологияларды меңгерген; - жұмыс принциптерін түсінеді және ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде қазіргі заманғы ғылыми аппаратурада жұмыс істей алады; - заманауи теориялық және эксперименттік химиядағы зерттеулердің өзекті бағыттары туралы түсінік бар; - практикалық жұмыс теориясы мен дағдыларын меңгерген; - ұсынылған тақырып бойынша зерттеу бағытын таңдау мақсатында ғылыми әдебиеттерді талдай алады; - алынған нәтижелерді талдауға, қажетті қорытындылар жасауға және ұсыныстарды тұжырымдауға қабілетті; - зерттеулерде алынған нәтижелерді есеп түрінде ұсына алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - химиялық талдау нәтижелерін сауатты түсіндіруді және ресімдеуді білу; - жаңа бағыттарды сәтті дамыта білу; - тәжірибелік міндеттерді өз бетінше шешу; - қазіргі заманғы талдау әдістерінің теориялық негіздерін терең меңгеру. - талдаудың әртүрлі әдістерін салыстыра білу, - талдаудың қажетті әдістерін таңдау және талдау қателігін бағалау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - студенттер элементтерді бөлу және анықтаудың түрлі әдістерін қолдануда практикалық дағдыларды меңгеруі тиіс. - Химиялық эксперимент техникасының негізгі дағдыларын меңгеру: Тұндыру, сүзу, жуу, қыздыру, өлшеу, белгілі концентрациялы ерітінділерді дайындау, титрлеу; - титрлеудің соңғы нүктесін орнатудың негізгі әдістерін меңгеру (индикаторлық, Потенциометриялық, амперометриялық); - рН ерітінділерін қазіргі заманғы әдістермен анықтай білу; - талдаудың фотоколориметриялық әдісімен танысу.
Оқыту әдістері
- оқытудың интерактивті технологиялары; - компьютерлік оқыту технологиялары; - оқу міндеттерін шешу; - оқу процесі кезінде студенттердің өзіндік зерттеу жұмысы.
Негізгі әдебиет
- 1) Аналитическая химия: Учебник / Под ред. Ищенко А.А. - М.: Academia, 2017. - 512 c. 2) Аналитическая химия и физико-химические методы анализа. Т.2: Учебник / Под ред. Ищенко А.А. - М.: Academia, 2018. - 512 c. 3) Аналитическая химия и физико-химические методы анализа. Т.1: Учебник / Под ред. Ищенко А.А. - М.: Academia, 2018. - 512 c. 4) Александрова, Э.А. Аналитическая химия в 2 кн. Кн. 2. Физико-химические методы анализа: Учебник и практикум / Э.А. Александрова, Н.Г. Гайдукова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 355 c. 5) Александрова, Э.А. Аналитическая химия в 2 кн. Кн. 1. Химические методы анализа: Учебник и практикум / Э.А. Александрова, Н.Г. Гайдукова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 551 c.
Қосымша әдебиеттер
- 6) Булатов М.И. Аналитическая химия. Методы идентификации и определения веществ: Учебник / М.И. Булатов, А.А. Ганеев и др. - СПб.: Лань, 2019. - 584 c. 7) Вершинин, В.И. Аналитическая химия: Учебник / В.И. Вершинин, И.В. Власова, И.А. Никифорова. - СПб.: Лань, 2017. - 428 c. 8) Жебентяев, А.И. Аналитическая химия. Практикум: Учебное пособие / А.И. Жебентяев, А.К. Жерносек, И.Е. Талуть. - М.: Инфра-М, 2018. - 272 c. 9) Жебентяев, А.И. Аналитическая химия. Химические методы анализа: Учебное пособие / А.И. Жебентяев, А.К. Жерносек, И.Е. Талуть. - М.: Инфра-М, 2011. - 542 c. 10) Иванова, М.А. Аналитическая химия и физико-химические методы анализа / М.А. Иванова. - М.: Риор, 2018. - 544 c. 11) Ищенко, А.А. Аналитическая химия: Учебник / А.А. Ищенко. - М.: Academia, 2017. - 448 c. 12) Мовчан, Н.И. Аналитическая химия: Учебник / Н.И. Мовчан, Т.С. Горбунова, Р.Г. Романова. - М.: Инфра-М, 2016. - 112 c. 13) Петрухин, О.М. Аналитическая химия. Химические методы анализа: Учебное пособие / О.М. Петрухин. - М.: Альянс, 2016. - 400 c. 14) Саенко, О.Е. Аналитическая химия: учебник / О.Е. Саенко. - РнД: Феникс, 2018. - 284 c.