Байыту фабрикаларының қалдықтарын қоймалау технологиясы
Сипаттама: Байыту фабрикаларының үйінді қалдықтарының сипаттамасы бар. Қалдық қоймаларының құрылыстары мен қондырғылар кешені, қалдықтарды тасымалдау тәсілдері, сондай-ақ қалдық қоймаларын толтыру тәсілдері мен түрлері қаралды. Сарқынды сулардың құрамы және оларды тазарту әдістері баяндалған. Айналмалы сумен жабдықтауға және бүлінген жерлерді қалпына келтіруге назар аударылды.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Байытудың флотациялық әдістері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Бұл курстың мақсаты байыту фабрикасының технологиялық ағындары туралы мәліметтерді; қалдық сақтау қоймаларының негізгі типтерін; қалдықтарды сулы және құрғақ тасымалдау және салу жүйелерінің құрылыстарын, су қабылдау, тұнған суды ағызу, ағын суларды тазарту және байыту фабрикасында тұнған суды қайтару жүйелерін; қалдық шаруашылығының технологиялық процестерінің негізгі жабдықтарын оқып білу болады
Міндет
- Сұйық және құрғақ қалдықтарды апатсыз сақтауды қамтамасыз етумен жинау, ағын суларды залалсыздандыру, фабрика пайдаланған суларды тиімді пайдалану және байыту қалдықтарының қоршаған ортаға экологиялық әсерін төмендету бойынша жұмыстарды орындау кезінде қажетті теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Байыту қалдықтарын жинау және сусыздандыру процестерін жетілдіру мақсаттары мен міндеттерін, байыту процестерінің қалдықтарын жинау және сусыздандыру үшін сұлбалар мен жабдықтардың есептерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қалдық сақтау қойманың түрін, гидравликалық тасымалдау жүйесін және қалдықтарды салу тәсілін; толық су айналымын пайдалану мүмкіндігін, ағын суларды тазарту тәсілін негіздеуді және таңдауды білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қалдық сақтау қоймаларының, байыту фабрикасының қалдықтарын тасымалдау және салу жүйелерінің, су қабылдаудың, тұнған суды ағызудың, ағын суларды тазартудың жүйелерінің негізгі технологиялық параметрлерін есептеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Теориялық білімді тәжірибелік қызметте сауатты пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Емтихандарды сәтті тапсыру
Оқыту әдістері
Интерактивті дәрістер, электронды материалдарды пайдалану
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Қалдық тасымалдау және тасымалдағыш құбырлар
- Қалдық қоймасының орнын таңдау және түрлері
- Қалдықты пульпаны қоймаға түсіру әдістері
- Бөгеуді көтеру әдістері
- Байыту фабрикаларында қайтарымды суды пайдалану және шығатын ласты су көздері мен олардың сипаттамалары
- Шахталы сулар
- Қайтарымды сулардағы кірмелердің технологиялық классификациясы
- Байыту фабрикаларынан шығатын ласты сулардың қысқаша сипаттамалары
- Ласты суларды тазалау әдістері
- Сорбциялау және мембранды әдістер
- Флотациялық әдістер
- Қысымды не вакууммен айдау әдісі
- Биологиялық әдістер
- Ласты суларды тазалау әдістерін таңдау принциптері
- Байыту фабрикаларында қайтарымды суды пайдалану тәжірибесі
Негізгі әдебиет
- 1. Потапов, В. Я. Стационарные установки. Транспортное и водовоздушное хозяйство обогатительных фабрик : Учебник / В. Я. Потапов, С. А. Упоров. – Москва: Ай Пи Ар Медиа, 2022. – 183 с. – ISBN 978-5-4497-1677-4. – EDN INHEPS. 2. Потапов, В. Я. Транспортное и водовоздушное хозяйство обогатительных фабрик : Учебник для СПО / В. Я. Потапов, С. А. Упоров. – Москва: Ай Пи Ар Медиа, 2022. – 177 с. – ISBN 978-5-4497-1680-4. – EDN ZTXZMB. 3. Александрова Т.Н., Кусков В. Б., Львов В. В., Николаева Н. В. Обогащение полезных ископаемых. Учебник. Санкт-Петербург: Санкт-Петербургский горный университет, 2015. – 528 с. – ISBN 978-5-94211-731-3. 4. Идрисова Г.З. Утилизация,обезвреживание и захоронение промышленных отходов : учебное пособие – Уральск : ЗКАТУ имени Жангир хана, 2019. – 160 с. ISBN 978-601-319- 171-3. 5. Федотов К.В., Никольская Н.И. Проектирование обогатительных фабрик. –Москва; 2014, 533с.- ISBN: 978-5-98672-379-2.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Қ.Т. КӨШЕРБАЕВ. Қалдық шаруашылығы, қайтарымды суды пайдалану және тазалау әдістері. Оқу құралы. Алматы: ҚазҰТУ, 2005, 109 бет. ІSBN 9965-758-04-02. 2. Чуянов Г.Г. Хвостохранилища и очистка сточных вод, Екатеринбург, УГТУ, 1998- 246 с. 3. Евдокимов П.Д. Проектирование и эксплуатация хвостовых хозяйств ОФ, М., Госгортехиздат, 1960. 4. Морозов Ю.П. Проектирование обогатительных фабрик: учебник, Кн.1 / Ю.П. Морозов, Екатеринбург: УГГУ, 2009-238 5 Евдокимов П.Д. Проектирование и эксплуатация хвостовых хозяйств ОФ, М., Госгортехиздат, 1960. 6. Разумов К.А. Проектирование обогатительных фабрик. учебник, 3-е изд. Москва: Недра, 1970-591 с. 7. Авдохин В.М. Основы обогащения полезных ископаемых, М., МГГУ, 2006-404 с. 8. Морозов Ю.П. Проектирование обогатительных фабрик: учебник, Кн.1 / Ю.П. Морозов, Екатеринбург: УГГУ, 2009-238 с. 9. IPR SMART http://www.iprbookshop.ru 10. ScienceDirect - http://www.sciencedirect.com. 11. EBSCO Discovery Service (EDS) - http://search.ebscohost.com