Байыту фабрикалардың қалдық шаруашылығы
Сипаттама: Қалдық сақтау қоймаларына байыту қалдықтарын тасымалдау және төсеу, қалдық сақтау қоймаларын қалпына келтіру процестерінің теориялық негіздері мен тәжірибесі, байыту фабрикаларының ағын суларын тазарту және пайдалы қазбаларды байыту қалдықтарын кәдеге жарату әдістері зерделенеді. Аталған әдістер үшін қолданылатын жабдықтар мен аппараттардың конструкциялары қарастырылған. Қалдық сақтау қоймаларын пайдалану, минералды шикізаттың әртүрлі түрлерін өңдеу кезінде қалдықтарды кәдеге жарату, ағын суларды тазарту және қалпына келтіру тәжірибесі көрсетілген.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Байытудың флотациялық әдістері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Бұл курстың мақсаты байыту фабрикасының технологиялық ағындары туралы мәліметтерді; қалдық сақтау қоймаларының негізгі типтерін; қалдықтарды сулы және құрғақ тасымалдау және салу жүйелерінің құрылыстарын, су қабылдау, тұнған суды ағызу, ағын суларды тазарту және байыту фабрикасында тұнған суды қайтару жүйелерін; қалдық шаруашылығының технологиялық процестерінің негізгі жабдықтарын оқып білу болады
Міндет
- Сұйық және құрғақ қалдықтарды апатсыз сақтауды қамтамасыз етумен жинау, ағын суларды залалсыздандыру, фабрика пайдаланған суларды тиімді пайдалану және байыту қалдықтарының қоршаған ортаға экологиялық әсерін төмендету бойынша жұмыстарды орындау кезінде қажетті теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Байыту қалдықтарын жинау және сусыздандыру процестерін жетілдіру мақсаттары мен міндеттерін, байыту процестерінің қалдықтарын жинау және сусыздандыру үшін сұлбалар мен жабдықтардың есептерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қалдық сақтау қойманың түрін, гидравликалық тасымалдау жүйесін және қалдықтарды салу тәсілін; толық су айналымын пайдалану мүмкіндігін, ағын суларды тазарту тәсілін негіздеуді және таңдауды білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қалдық сақтау қоймаларының, байыту фабрикасының қалдықтарын тасымалдау және салу жүйелерінің, су қабылдаудың, тұнған суды ағызудың, ағын суларды тазартудың жүйелерінің негізгі технологиялық параметрлерін есептеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Теориялық білімді тәжірибелік қызметте сауатты пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- осы курс бойынша барлық есеп тапсырмаларын және емтиханды сәтті тапсыру
Оқыту әдістері
- оқытудың интерактивті технологиялары; - компьютерлік оқыту технологиялары; - оқу міндеттерін шешу; - оқу процесі кезінде студенттердің өзіндік зерттеу жұмысы.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Қалдық тасымалдау және тасымалдағыш құбырлар
- Қалдық қоймасының орнын таңдау және түрлері
- Қалдықты пульпаны қоймаға түсіру әдістері
- Бөгеуді көтеру әдістері
- Байыту фабрикаларында қайтарымды суды пайдалану және шығатын ласты су көздері мен олардың сипаттамалары
- Шахталы сулар
- Қайтарымды сулардағы кірмелердің технологиялық классификациясы
- Байыту фабрикаларынан шығатын ласты сулардың қысқаша сипаттамалары
- Ласты суларды тазалау әдістері
- Сорбциялау және мембранды әдістер
- Флотациялық әдістер
- Қысымды не вакууммен айдау әдісі
- Биологиялық әдістер
- Ласты суларды тазалау әдістерін таңдау принциптері
- Байыту фабрикаларында қайтарымды суды пайдалану тәжірибесі
Негізгі әдебиет
- Евдокимов П.Д. Проектирование и эксплуатация хвостовых хозяйств ОФ, М., Госгортехиздат, 1960. 2 Чуянов Г.Г. Обезвоживание, пылеулавливание и охрана окружающей среды, М., Недра, 1987-264 с. 3 Чуянов Г.Г. Хвостохранилища и очистка сточных вод, Екатеринбург, УГТУ, 1998-246 с.
Қосымша әдебиеттер
- 4 Разумов К.А. Проектирование обогатительных фабрик. учебник, 3-е изд. Москва: Недра, 1970-591 с. 5 Тихонов О.Н. Справочник по проектированию рудных обогатительных фабрик, Кн.1.2, Москва: Недра, 1988-665 с. 6 Авдохин В.М. Основы обогащения полезных ископаемых, М., МГГУ, 2006-404 с. 7 Морозов Ю.П. Проектирование обогатительных фабрик: учебник, Кн.1 / Ю.П. Морозов, Екатеринбург: УГГУ, 2009-238 с.