Жерасты жұмыстарына арналған станционарлы қондырғылар және тау-кен машиналары
Сипаттама: Cтационарлы қондырғылар мен тау-кен машиналарын есептеу, таңдау және жобалаудың негізгі анықтамалары, ережелері, ерекшеліктері мен тәртібі. Теориялық білімді қолдана отырып, инженерлік-қолданбалы есептерді орындау; тау-кен техникасының тиімділігін арттыру және шахталардың стационарлық қондырғыларын қауіпсіз және үнемді пайдалану мақсатында техникалық-экономикалық және басқару шешімдері.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Информатика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттердің стационарлы қондырғылар және пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіруге арналған тау-кен машиналары аумағында, яғни шахтаның (кеніштің) оны пайдалану кезіндегі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін жабдықтар мен қондырғылар туралы жүйелі ғылыми және кәсіптік білім алуын және машықтануын қалыптастыру.
Міндет
- - студенттерге стационарлы қондырғылар және пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өндіруге арналған тау-кен машиналары облысында теориялық негіз қалыптастыру; - қолданыстағы стационарлы қондырғылар және тау-кен машиналары түрлерінің құрылымдары және олардың техника-экономикалық сипаттамалары туралы білім алу; - машиналардың өнімділігін есептеуді білу және оларды таңдағанда осы технологиялық үдеріске және осы тау-кен техникалық жағдайына дәл келетінін дәлелдей білу; - стационарлы қондырғылардың және тау-кен машиналарының кинематикалық сұлбалары және ерекшеліктері бойынша талдауға, тау-кен жұмыстарын механикаландыруға арналған негізгі және қосымша жабдықтарды пайдалануға машықтану.
Негізгі әдебиет
- 1. Алексеев В.В. Рудничные насосные, вентиляторные и пневматические установки. Учебное пособие для вузов. - М.: Недра, 1983. – 381 с. 2. Смородин С.С., Верстаков Г.В. Шахтные стационарные машины и ус-тановки. Учебное пособие. - М.: Недра, 1975. - 280 с. 3. Картавый Н.Г. Стационарные машины. Учебник для вузов. – М.: Недра, 1981. – 327 с. 4. Хаджиков Р.Н., Бутаков С.А. Горная механика. - М.: Недра, 1982. - 407 с. 5. Стационарные установки шахт. Под общей ред. Б.Ф. Братченко. – М.: Недра, 1981. – 440 с. 6 Кумыкова Т.М. Стационарные установки шахт в задачах и примерах. Учебное пособие. – Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2007. – 206 с.