Инженерлік құрылыстарды салу және пайдалану кезіндегі геодезиялық жұмыстар

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән инженерлік құрылыстар құрылысының әр түрлі кезеңдерінде инженерлік-геодезиялық жұмыстарды қарастырады: инженерлік-геодезиялық ізденістердің ерекшеліктері, өнеркәсіптік алаңдағы геодезиялық негіздің әр түрлі түрлері, егжей-тегжейлі бөлу технологиясы, кран асты жолдарын, құрылыстардың технологиялық жабдықтарын орнату және тексеру бойынша геодезиялық жұмыстар, көпірлер, тоннельдер және жер асты құрылыстарын салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Қолданбалы геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар жөніндегі сұрақтарды өндірістің технологиясына байланыстырып тереңдетіп оқу.
Міндет
  • Ғимараттар мен құрылыстардың жобаларын жер бетіне көшіру, іздестіру, жобалау және құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар түрлерін оқу.
  • Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын оқу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Құрылыстағы жұмыстарды орындау ерекшеліктерін ескере отырып, геодезиялық өндірісін ұйымдастыру формаларын және негізгі принциптерін, жоспарлауды және басқаруды білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Замануи технологияларды және бағдарламалық құралдарды қолданумен құрылыс объектілерін геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі геодезиялық жұмыстардың қазіргі заманға сай әдістерін және тәсілдерін қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Заманауи геодезиялық аспаптармен, геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары.
Оқыту әдістері

- интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: жетекші (басқарылатын) пікірталас немесе әңгіме; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);

- берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;

- ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);

- іздестіру-зерттеу (студенттердің оқу процесіндегі өзіндік зерттеу қызметі);

- оқу тапсырмаларын орындау.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жолдарға ізденіс жасау және салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар
  • Жер асты коммуникацияларын салу және пайдалану кезіндегі геодезиялық жұмыстар
  • Көпірлерді салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар
  • Гидротехникалық құрылыстарды салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар
  • Гидромелиоративтік құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар
  • Тоннельдерді салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар
  • Тау-кен қазбалары мен геофизикалық нүктелерді натураға шығару және Жоспарлы-биіктік байланыстыру
  • Электр беру, байланыс желілері мен магистральдық құбырлар құрылысын геодезиялық қамтамасыз ету
  • Құрылыстардың деформацияларын геодезиялық әдістермен бақылау
Негізгі әдебиет
  • Хаметов Т.И. Геодезическое обеспечение проетирования, строительства и эксплуатации зданий, сооружений: Учебное пособие. - М.: Изд-во АСВ, 2012
  • Михелева Д.Ш., Клюшин Е.Б., Киселев М.И., Фельдман В.Д. Инженерная геодезия. – М.: Высшая школа, 2013
  • Авакян В.В. Прикладная геодезия: Геодезическое обеспечение строительного производства. М.: Вузовская книга, 2013
  • Жуков Б.Н. Геодезический контроль сооружений и оборудования промышленных предприятий. - Новосибирск: СГГА, 2013.
  • Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г. Прикладная геодезия. Основные методы и принципы инженерно-геодезических работ. – М.: Недра, 1981.