Темір-бетон және тас құрылымдары

Айтказина Аяжан Калелхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Еурокодтарға сәйкес нормативтік құжаттарды қолдана отырып, сығылған, созылған және иілетін темірбетон конструкцияларын есептеу және құрастыру әдістерін зерттеу; көп қабатты ғимараттардың темірбетон аражабындарының заманауи шешімдері, олардың даму перспективалары. Неғұрлым үнемді нұсқаларға қол жеткізу үшін тиімді конструктивтік шешімдерді таңдау; көтергіш темірбетон конструкцияларының салмақ көтеру қабілеті мен пайдалану жарамдылығын сапалы және сандық бағалау.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Құрылыс материалдары
  • Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттердің, әртүрлі кернеулі жағдайдағы темірбетоннан жасалған құрылыс құрылымдардың жұмысын, сонымен қатар оларды есептеу әдістері мен құрылымдау туралы білім алуы
Міндет
  • Экономикалық жағынан ең тиімді нұсқаны таңдауда құрылымдық шешімдердің тиімді түрін таңдау дағдыларын үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Темірбетон құрылымдардың қалдық қорларын және техникалық күйін тексеру қабілеттілігі. сығылған, созылған және иілмелі темірбетон құрылымдардың есептеу әдістері мен құрылымдау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Тәжірибелерді берілген әдістер бойынша орындап, шешімдерді талдау және өңдей ала білу, темірбетон құрылымдарды физикалық-механикалық қасиеттерін анықтауда стандарты сынақ әдістерін жасай ала білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Темірбетон құрылымдардың жобалық шешімдерін техникалық - экономикалық негіздерін жасау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Темірбетон құрылымдардың элементтері мен түйіндерін есептеу стандартты әдістерін қолдана ала білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Темірбетон құрылымдардың экологиялық жағынан таза және энергияны үнемдейтін жаңа әдістерді қолдана білу.
Оқыту әдістері

Сабақ беру үшін дәстүрлі технологиялар қарастырылған: аудиториялық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмысы. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Дәрістік материалды баяндау кезінде дәрістің басында және соңында уәждемелік сөйлеу қолданылады.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Сығылған элементтер
  • Созылған элементтер
  • Темір-бетон элементтерінің жарылуға төзімділігі
  • Жарықтардың ашылу енін есептеу
  • Темірбетон конструкцияларының қозғалысын есептеу
  • Тас қалау
  • Арқалық құрама жабындар
  • Үздіксіз ригельді есептеу және жобалау
  • Арқалық плиталары бар монолитті темірбетон едендер
  • Контур бойымен тірелген плиталары бар монолитті қабырғалы төбелер
Негізгі әдебиет
  • 1. Кузнецов В.С. Железобетонные и каменные конструкции. - Изд.: АСВ, 2015 г., 368 стр. 2. Цай Т.Н. Строительные конструкции. Железобетонные конструкции. Учебник. - Изд.: Лань, 2014г., 464 стр. 3. Тамразян А.Г. Железобетонные и каменные конструкции. Специальный курс. - Изд.: МГСУ, 2017г. , 732 стр. 4. Сахи Д., Зайцев Ю., Дуамбеков М., Хуснутдинов Р.Основы расчета строительных конструкций.- Астана: Фолиант, 2013.- 488с. 5. Яковлев С.К., Мысляева Я.И. Расчёт ЖБК по EN 1992. Ч.1. - Москва, 2015 6. Яковлев С.К., Мысляева Я.И. Расчёт ЖБК по EN 1992. Ч.2. - Москва, 2016 7. СП РК EN 8. НТП РК 9. Руководство к Еврокоду