Өндірістік кәсіпорнының су шаруашылығы

Еремеева Юлия Николаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су шаруашылығы туралы базалық білімді қалыптастырады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың сумен қамту және канализация жүйелері мен схемаларын, айналмалы сумен қамту жүйелерін, салқындатқыштардың түрлерін қарастырады. Өнеркәсіптік алаңда сумен қамту және канализация желілерін жобалау бойынша негізгі ережелерді, сондай-ақ суды өңдеудің арнайы әдістерін: жұмсарту, тұщыландыру, суды тұзсыздандыру, тұрақтандыруды қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Сорғыш бекеттері және су алу ғимараттары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Өндірістік сумен жабдықтау және өндірістік ластанған суды әкету жүйесін және оның негізгі ғимараттарын жобалау, пайдалану мен тұрғызу тәжірибелерінің және теорияларының сұрақтарын зерттеу.
Міндет
  • тұтынушылардың пайдаланылатын суының мөлшеріне қойылатын негізгі талаптар; өндірістік сумен жабдықтау жүйесінде қолданылатын қондырғылар түрі және қазіргі уақытта біздің елде және шет елдерде шығарылатын қондырғылар; Өндіріс орны алаңдарында желілерді төсеу тәсілдері және су өткізуші ғимараттарды тұрғызу тәсілдері; судың сапасын жақсарту бойынша негізгі ғимараттармен технологиялық үлгілер, және төмендегілерді жасай алу қажет: техника-экономикалық есеп негізінде өндірістік сумен жабдықтау жүйесінің ең тиімді үлгісін және жүйесін таңдау;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өндіріс олрындарының су шаруашылығы ерекшеліктерін білу, олардың жобалану ерекшеліктерін, қойылатын талаптардың әртүрлілігін, айналмалы сумен жабыдқтау жүйесін жобалауды, өндірістік мұқтаждыққа қажетті суларды өңдеу тәсілдерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу, дипломдық жобалауда қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • студенттерде өндірістік орындардың су шаруашылығын жобалаудағы өзіндік өзгешіліктері туралы көзқарастың қалыптасуы
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Дипломдық жобалауда және жұмыс барысында осы пән бойынша алған жобалау дағдыларын қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дипломдық жобалауда осы пән бойынша алған жобалау дағдыларын қолдана білу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Су және оның қазіргі заманғы өнеркәсіпті дамытудағы рөлі
  • Сумен жабдықтау жүйелері мен схемалары
  • Айналмалы сумен жабдықтаудың салқындату жүйелері
  • Су қоймалары-салқындатқыштар
  • Салқындатқыштардағы судың жоғалуы
  • Кермектілік түрлері
  • Суды тұзсыздандыру және тұщыландыру
  • Суды стабилизациялық өңдеу
  • Өндірістік ақаба сулардың құрамы және қасиеттері
  • Өндірістік кәсіпорындардың ақаба суларын бұру жүйелері және сұлбалары
  • Өндірістік ақаба суларды тазарту тәсілдерінің жіктелуі
  • Сүзу; тұндыру; ортадан тпекіш күш алаңында тазалау (гидроциклондар, центрифугалар, сепараторлар)
  • Өндірістік ақаба суларды тазартудың физика-химиялық тәсілдерінің жіктелуі
  • Өндірістік ақаба суларды экстракциялау, сорбция, бейтараптау
  • Флотация түрлері және тәсілдері
Негізгі әдебиет
  • 1 Водоснабжение. Проектирование систем и сооружений. Т. 1-3 / Журба М.Г. – Вологда-Москва, 2002. 2 Яковлев С.В., Воронов Ю.В. Водоотведение и очистка сточных вод. М.: АСВ, 2004. 3 Водоподготовка: Справочник. / Под ред. д.т.н., действительного члена Академии промышленной экологии С.Е.Беликова. М.: Аква-Терм, 2007. – 240с. 4 СНиП РК 4.01-02-2009 Водоснабжение. Наружные сети и сооружения. Комитет по делам строительства МЭиТ РК. – 2009г. 5 СН РК 4.01-03-2011 «Водоотведение. Наружные сети и сооружения» - Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства, 2011г.