Ғылыми зерттеу әдістері

Блинаева Елена Васильевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән ғылыми зерттеулердің әдіснамасы туралы фундаменталды білімдерді дамытуға және ғылыми зерттеудің қағидалары мен критерийлерін сақтай отырып, АКТ саласында зерттеулерді жүргізудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән Data Science әдістерін жүзеге асыру және білімді басқарудың ақпараттық технологиялары туралы тұтас түсініктерді қалыптастырудың тәжірибелік аспектілерін қамтиды.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 75
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны ауызша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау дағдыларын меңгеру және дамыту
Міндет
  • зерттеу жұмысының мәні туралы жалпы түсінік беру
  • ақпараттық технология бойынша өз бетінше зерттеу жүргізуге қажетті негізгі дағдыларды қалыптастыру
  • ақпараттық технологиядағы зерттеудің жалпы реттілігімен танысу
  • ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру принциптерін меңгеру
  • ғылыми зерттеу әдістемесін оқу
  • ғылыми аналитикалық шолуды, ғылыми баяндаманы, рефератты, ғылыми мақаланы және кандидаттық диссертацияны дайындау және пішімдеу технологияларын меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Зерттеу идеяларын әзірлеу мен қолдануды негіздейтін зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау процестері туралы білімі мен түсінігін көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізу мүмкіндігі; ақпараттық жүйелер мен технологияларда ғылыми әдістемені қолдану; ғылыми зерттеу әдістемесін оқу; ақпараттық жүйелерде ғылыми мәселелерді шешу әдістерін және модельдеу әдістерін қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ғылыми зерттеулерден алынған білімді біріктіру, күрделі мәселелермен күресу және толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде ғылыми пайымдаулар жасау, бұл пайымдаулар мен білімді қолдану үшін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Зерттеу нәтижелерін және олардың негіздемесін мамандар мен маман еместерге анық және дәл жеткізе алады
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми зерттеулердің әртүрлі бағыттары бойынша оқуын өз бетінше жалғастыра алады
Оқыту әдістері

Зерттеу технологиясы

Оқу-зерттеу іс-әрекетінің технологиясы

Коммуникациялық технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, миға шабуыл, білім беру дебаттары және т.б.)

Ақпараттық-коммуникациялық (соның ішінде қашықтан) технологиялар

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру негіздері және кезеңдері
  • Ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздері
  • Ақпараттық технологиялар мен жүйелердегі есептерді шешуде ғылыми зерттеулерді қолдану
  • Қазақстан ғылымының жағдайы мен мәселелері
  • Ғылыми зерттеу технологиясы
  • Ғылыми ұжымды ұйымдастыру
  • Choosing the direction of scientific research
  • Ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау және өңдеу
  • Ақпаратты іздеу, зерттеу нәтижелерін жобалау және ұсыну
  • Теориялық және эксперименттік зерттеулер
  • Өнертапқыштықтың шығармашылық негіздері
  • Докторлық диссертацияның түсінігі және құрылымы
  • Ғылыми мақаланы дайындау
Негізгі әдебиет
  • Методы и средства научных исследований: учеб. пособие / Ю. Н. Колмогоров [и др.]. — Екатеринбург : Изд-во Урал.ун-та, 2017.— 152 с.
  • Методология научных исследований: учеб. пособие / А.Б. Пономарев, Э.А. Пикулева. – Пермь: Изд-во Перм. нац. исслед. политехн. ун-та, 2014. – 186 с.
  • Derntl, Michael. "Basics of research paper writing and publishing." International Journal of Technology Enhanced Learning 6.2 (2014): 105-123.
  • Walliman, Nicholas. Research methods: The basics. Routledge, 2017.Routledge, 2017
  • Patten, Mildred L., and Michelle Newhart. Understanding research methods: An overview of the essentials. Routledge, 2017
Қосымша әдебиеттер
  • Основы научных исследований (Общий курс): Учебное пособие/Космин В. В. - М.: ИЦ РИОР, НИЦ ИНФРА-М, 2015. - 214 с.: 60x90 1/16. - (Высшее образование: Магистратура) (Переплёт 7БЦ) ISBN 978-5-369-01464-6 - Режим доступа: http://znanium.com/catalog/product/487325
  • Основы научных исследований : учеб. пособие / Б.И. Герасимов, В.В. Дробышева, Н.В. Злобина [и др.]. — 2-е изд., доп. — Москва : ФОРУМ : ИНФРА-М, 2018. — 271 с. — (Высшее образование: Бакалавриат). - Текст : электронный. - URL: http://znanium.com/catalog/product/924694