Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 8D06101 - Ақпаратық жүйелер (сала бойынша)
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру және әртүрлі салалардағы күрделі ақпараттық жүйелерді, үдерістер мен технологияларды талдау, жобалау және басқаруға бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кәсіби білім мен мәдениеттің жоғары деңгейі бар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- ғылыми шығармашылық және білімді басқару әдіснамасын қолдана отырып, ақпараттық процестер мен ресурстарды теориялық және эксперименттік зерттеу;
- басқарудың әртүрлі деңгейлерінде шешім қабылдауды қолдау үрдістері мен ақпараттық жүйелерді математикалық, алгоритмдік, техникалық, ақпараттық, аналитикалық қамтамасыз ету;
- үлкен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін және Data Mining технологиясын қолдана отырып, күрделі ресурстарды қажетсінетін есептер;
- заманауи ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құрудың зерттеу және тәжірибелік міндеттері;
-ғылыми-зерттеу жобаларының өтінімдері, АКТ саласындағы ғылыми жарияланымдар;
- АТ-мамандарын даярлау бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылық қызмет.
Кәсіби қызмет объектісі:

- ақпараттық процестер мен ресурстарды модельдеу, бағалау, оңтайландыру және ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құру саласындағы міндеттерді шешумен байланысты ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік ұйымдар;
- мемлекеттік басқару органдары, жобалау ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қаржы ұйымдары.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу қызметі;
- жобалау-конструкторлық қызмет;
- жобалау-технологиялық қызмет;
- эксперименттік-зерттеу;
- ғылыми-педагогикалық қызмет.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- ғылыми шығармашылық және білімді басқару әдіснамасын қолдана отырып, ақпараттық үдерістер мен ресурстарға теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізу;
- басқарудың әртүрлі деңгейлерінде шешімдер қабылдауды қолдау үшін ақпараттық жүйелер мен процестерді математикалық, алгоритмдік, техникалық, ақпараттық, аналитикалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
- үлкен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін және Data mining технологиясын қолдана отырып, күрделі ресурстарды қажетсінетін міндеттерді шешу;
- заманауи ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құрудың зерттеу және практикалық міндеттерін шешу;
- АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларының өтінімдерін құру және бағалау;
-орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша презентациялар, ғылыми-техникалық есептер дайындау, ғылыми-техникалық конференцияларда мақалалар және баяндамалар түрінде зерттеу нәтижелерін ресімдеу;
- АТ-мамандарын даярлау бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің негізгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Ғылыми (ғылыми-техникалық) және ғылыми-білім беру мәселелерін шешу бойынша кәсіби пікірталастарға қатысу, зерттеу нәтижелерін халықаралық ғылыми басылымдарда жариялау, АКТ саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін объективті бағалау, сонымен қатар басқа мамандардың орындауымен жасалған халықаралық дерекқорларды пайдалану. Жүйелік инженерия және деректер ғылымы әдістерін қолдана отырып, АКТ саласындағы әрекеттің және өзара әрекеттесудің тұжырымдамаларын, стратегияларын, функционалдық үлгілерін құрудың өзекті ғылыми мәселелері мен әдістемелерін анықтау; білім, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; топта ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен жобаларды жүзеге асыруға қатысу; академиялық адалдық пен адалдық принциптерін сақтау.
2. Академиялық немесе өндірістік салада зерттеу міндеттерін тұжырымдау және деректерді іздеу, машиналық оқыту, үлкен деректерді өңдеу және жүйелерді жобалаудың модельдері мен әдістері негізінде оларды шешу жолдарын таба білу. Ғылыми жарияланымдар құрылымын талдау, ғылыми мақалалар, ғылыми-техникалық талдау есептерін дайындау және ғылыми зерттеу критерийлері мен Data Science әдістері негізінде АКТ саласындағы ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық қызмет жобаларына сараптама жасау.
Нағыз күрделі ресурсты қажет ететін ғылыми-технологиялық мәселелерді шешу және Machine Learning, Data Science және жүйелік инженерия әдістерін қолдана отырып, проблемалық жағдайларды құрылымдау үшін эксперименталды деректердің көп факторлы есептеу модельдерін әзірлеу.
3. Ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізу, теориялық, әдістемелік және практикалық нәтижелерді алу қабілеті және кешенді зерттеулерді, оның ішінде пәнаралық және АКТ саласындағы іске асырулар үшін ғылыми гранттарды алуға өтінім, есеп беру құжаттамасын кәсіби құру және ресімдеуге дайын болу. Жаңа білім алуға және академиялық немесе өндірістік секторлардағы нақты ғылыми және технологиялық мәселелердің жаңа шешімдеріне әкелетін жобаларды коммерцияландыру үшін АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізделген ұсыныстарын немесе түсіндірме жазбаларын әзірлеу.
Ғылыми шығармашылық пен білімді басқару әдіснамасын академиялық немесе өндірістік секторлардағы нақты өмірлік ғылыми және технологиялық мәселелерді шешу үшін АКТ саласындағы ақпараттық процестер мен ресурстарды теориялық және эксперименталды түрде зерттеу үшін қолдану.
4. Күрделі ресурстарды қажет ететін ғылыми және технологиялық мәселелерді шешу үшін, проблемалық жағдайларды құрылымдау үшін, сонымен қатар басқарудың әртүрлі деңгейлерінде шешім қабылдау үшін Data Science, Machine Learning, Data Mining әдістерін әзірлеу және қолдану. Академиялық немесе өндірістік секторлардағы басқарудың әртүрлі деңгейлерінде шешім қабылдауды қолдау үшін интеллектуалды ақпараттық жүйелер мен құрамдастарды әзірлеу.
Модульдік оқу жоспары