Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру және әртүрлі салалардағы күрделі ақпараттық жүйелерді, үдерістер мен технологияларды талдау, жобалау және басқаруға бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кәсіби білім мен мәдениеттің жоғары деңгейі бар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Мамандар лауазымдарының тізбесі:
- ғылыми шығармашылық және білімді басқару әдіснамасын қолдана отырып, ақпараттық процестер мен ресурстарды теориялық және эксперименттік зерттеу;
- басқарудың әртүрлі деңгейлерінде шешім қабылдауды қолдау үрдістері мен ақпараттық жүйелерді математикалық, алгоритмдік, техникалық, ақпараттық, аналитикалық қамтамасыз ету;
- үлкен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін және Data Mining технологиясын қолдана отырып, күрделі ресурстарды қажетсінетін есептер;
- заманауи ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құрудың зерттеу және тәжірибелік міндеттері;
- ғылыми-зерттеу жобаларының өтінімдері, АКТ саласындағы ғылыми жарияланымдар;
- АТ-мамандарын даярлау бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылық қызмет.
Кәсіби қызмет объектісі:
- ақпараттық процестер мен ресурстарды модельдеу, бағалау, оңтайландыру және ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құру саласындағы міндеттерді шешумен байланысты ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік ұйымдар;
- жоғары білім беру ұйымдары, кәсіптік білім беру ұйымдары;
- мемлекеттік басқару органдары, жобалау ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қаржы ұйымдары.
Кәсіби қызмет түрлері:
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- жобалау-конструкторлық қызмет;
- жобалау-технологиялық қызмет;
- эксперименттік-зерттеу;
- ғылыми-педагогикалық қызмет.
Берілетін дәреже: "8D06101 Ақпаратық жүйелер (сала бойынша)" білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD).