Сейсмологиядағы геофизикалық әдістер

Айтбаева Салтанат Сабидоллаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс сейсмикалық белсенділік деректерін геофизикалық зерттеу әдістері арқылы талдау және өңдеу тәсілдерін қамтиды. Студенттер сейсмологиялық деректерді жинау, сақтау, өңдеу және визуализациялау әдістемелерін, сондай-ақ сейсмикалық тәуекелдерді модельдеу мен жер сілкіністерінің техносфералық қауіпсіздікке әсерін бағалау жолдарын меңгереді. Негізгі бағыттар: сейсмикалық томография, сейсмикалық деректерді талдау, геофизикалық аспаптарды зерттеу, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға және аумақтардың сейсмикалық тұрақтылығын бағалауға сейсмологиялық деректерді қолдану. Студенттер өздігінен кәсіби даму бағыттарын айқындап, сейсмологиялық бақылау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізе алады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Инженерлік геология және сейсмология негіздері
  • Сейсмикалық аудандастыру
  • Жер сілкінісі ошағының физикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Сейсмологияда қолданылатын негізгі геофизикалық әдістерді меңгеру, Жер қыртысының құрылымын зерттеу, сейсмикалық толқындарды тіркеу мен талдау және сейсмикалық қауіптілікті бағалау мақсатында алынған деректерді интерпретациялау.
Міндет
  • Сейсмологиядағы негізгі геофизикалық әдістердің жұмыс істеу принциптері мен қолдану салаларын оқыту, далалық және зертханалық деректермен жұмыс істеуді үйрету, сондай-ақ сейсмикалық сигналдарды өңдеу мен интерпретациялау әдістерін практикалық сейсмологиялық зерттеулерде қолдану