Жер сілкінісі ошағының физикасы

Айтбаева Салтанат Сабидоллаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс жер сілкінісінің негізгі параметрлерін зерттеуді, жер сілкінісі модельдеріне салыстырмалы талдау жасауды қамтиды. Атап айтқанда, магистралдық жарықтың Жер бетіне шығуының жалпы қабылданған моделі мен соққы толқынды моделі қарастырылады. Литосферада соққы толқынының пайда болуына әкелетін құбылыстардың физикалық моделі, геофизикалық ортаның кооперативтілік әдістері мен тәсілдері зерттеледі. Жер сілкінісі ошағының физикасы және қирау эпицентріндегі күшті қозғалыстардың заңдылықтары, афтершоктардың физикасы және жер сілкіністерінің қайталану себептері, жер сілкінісімен байланысты құбылыстардың физикасы қарастырылады. Сондай-ақ, іргелі ғылымдардың инженерлік-техникалық білімдерінің қолданылуы зерттеледі. Курс сейсмологиялық бақылаулардың бастапқы материалдарын жинау және дайындауды ұйымдастыру туралы түсінік береді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік геология және сейсмология негіздері
  • Инженерлік геология және сейсмология негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Жер сілкінісі ошақтарында жүретін физикалық үдерістер туралы іргелі білім беру, сейсмикалық оқиғалардың пайда болу механизмдерін түсіндіру және сейсмикалық қауіптілікті бағалау мен жер сілкінісі ошақтарын модельдеуді үйрету.
Міндет
  • Жер сілкінісі ошақтарының физикалық сипаттамалары мен параметрлерін зерттеу, ошақтық механизмдерді талдау әдістерін меңгеру, сейсмикалық белсенділік көздерін бағалау үшін сейсмологиялық деректерді интерпретациялау дағдыларын дамыту.