Жер сілкінісінің болжамы

Айтбаева Салтанат Сабидоллаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс жер сілкінісін болжау саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастырады. Ол сейсмогендік құрылымдарды зерттеудің заманауи әдістерін, жер сілкіністерінің күтілетін максималды магнитудасын, сейсмикалық оқиғалардың қайталану жиілігін анықтауды, сондай-ақ, жер қыртысының жоғарғы бөлігін құрайтын геологиялық түзілімдерге және объектілердің техносфералық қауіпсіздігіне сейсмикалық әсер ету қарқындылығын бағалауды қамтиды. Қауіп көздерін және болашақ жер сілкіністерінің қарқындылығын көрсету мақсатында сейсмикалық аудандастыруды картаға түсіру жүргізіледі. Жер сілкінісін болжау кезінде қолданылатын сейсмикалық мониторинг және заманауи аппаратура қарастырылады. Сейсмикалық аудандастырудың өзекті түрлері талқыланады. Курс санада инклюзия (қосу, енгізу) процестерінің құндылығын қалыптастырады. Бастапқы материалдарды жинау, дайындау және деректерді алғашқы өңдеу туралы түсінік береді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік сейсмология
  • Ықтималдықтар теориясы
  • Геоэкологиялық және геодинамикалық мониторинг

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Жер сілкіністерін қысқа, орта және ұзақ мерзімді болжаудың теориялық негіздері мен әдістері туралы білім беру, сондай-ақ сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау мен алдын ала белгілерді талдау дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
  • Жер сілкіністерінің әртүрлі алдын ала белгілерін зерттеу, алдын ала сейсмикалық ақпаратты өңдеу мен талдау әдістерін меңгеру, жер сілкіністерін болжаудың заманауи тәсілдерін қарастыру және алынған білімді сейсмикалық қауіптілікті бағалауда қолдану дағдыларын қалыптастыру. To study various types of earthquake precursors, to master methods for processing and analyzing preseismic information, to explore modern approaches to earthquake prediction, and to develop the ability to apply this knowledge in seismic hazard assessment.