Жер сілкіністерінің салдарын жою кезіндегі тәуекелдерді басқару
Сипаттама: Жер сілкінісінен кейін авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, тәуекелдерді барынша азайтудың ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдары, барлық мүмкін болатын қауіптерді анықтау және жұмыс кезіндегі қауіп дәрежесін есептеу, сейсмикалық әсерден кейін объектілерде жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі туралы қорытынды жасау мәселелері қарастырылады. Курс тұрақты даму қажеттілігі туралы түсінік береді, құрылыста жобалық шешімдерді әзірлеу кезінде тәуекелдерді есептеу мүмкіндігін қалыптастырады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
- Ғимараттар мен үймереттерге сейсмикалық әсер
- Сейсмикалық тұрақты құрылыс элементтері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер