Қазақстанның тау-кен аудандарының сейсмикасы
Сипаттама: Қазақстанның тау-кен аудандарының сейсмикалығын зерттеудің заманауи тәсілдерін оқып-үйрену. Қазақстанның тау-кен аудандарының сейсмикалық белсенділігін ескере отырып, тау сілемдері мен инженерлік құрылыстардың кернеулі-деформациялық күйін мониторингілеудің теориялық негіздері мен технологиялары қарастырылады. Қазақстанның тау-кен аудандарында геомеханикалық тәуекелдердің алдын алу үшін ресурстарды пайдалану ерекшеліктеріне құралдық, талдамалық және практикалық тәсілдерді қолдану мәселелері қамтылады. Практикалық дағдыларды пайдалана отырып, Қазақстанның тау-кен аудандарының сейсмикалығын ескере отырып, ресурстарды оңтайлы бөлу және техносфералық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылық, басқарушылық, техникалық және технологиялық сипаттағы кешенді шаралар қабылдау жолдары қарастырылады. Бастапқы материалдарды жинау және дайындауды ұйымдастыру бойынша білім беріледі.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Сейсмологиядағы геофизикалық әдістер
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Қазақстанның кен өндіру аймақтарындағы сейсмикалық белсенділік, индуцирленген (жасанды) сейсмикалық құбылыстардың себептері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру, сондай-ақ тау-кен өндірісі жүріп жатқан аймақтарда сейсмикалық қауіптілікті бағалау дағдыларын дамыту.
Міндет
- Қазақстанның кен өндіру аймақтарындағы табиғи және индуцирленген сейсмикалық құбылыстардың ерекшеліктерін зерттеу, оларды бағалау және бақылау әдістерін меңгеру, сондай-ақ тау-кен өндірісі жағдайында сейсмикалық қауіп-қатерді талдау дағдыларын қалыптастыру.