Сейсмикалық деректер бойынша геологиялық орталарды физика-геологиялық модельдеу
Сипаттама: Бұл курс сейсмикалық деректерге негізделген геологиялық орталарды физика-геологиялық тұрғыдан модельдеудің принциптерін қамтиды. Жаңа геологиялық, формациялық және құрылымдық мәліметтерді ескере отырып, көлемді зерттеу әдістері қарастырылады. Сондай-ақ, ресурстарды бағалау үшін физика-геологиялық модельдеу әдістері және көлемді зерттеу тәсілдері зерделенеді. Курста сейсмикалық деректерді пайдалана отырып, құрылымдық-металлогендік, құрылымдық-кенді, полифакторлық және геологиялық-генетикалық геологиялық жүйелерді зерттеуге арналған типтік модельдер талданады. Бұған қоса, техносфералық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жер қыртысының кернеулі-деформацияланған күйін талдауға, жылжу, опырылу, деформация және басқа да геодинамикалық құбылыстарды болжауға арналған математикалық және сандық модельдерді құру дағдылары үйретіледі. Сейсмология процестерін модельдеу кезінде геоақпараттық жүйелерді, жасанды интеллектті пайдалануға мүмкіндік береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Сейсмикалық аудандастыру
- Төтенше жағдайлар кезінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу
- Табиғи және техногендік ТЖ салдары
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер