Эргономика және автомобиль дизайны

Муздыбаев Мурат Сеитович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәнді зерделеу кезінде автомобиль құрылымының қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ жұмыс орнының эргономикасын ескере отырып, техникалық эстетика мен технологиялық орындылықтың мәнін, жеке құрылғыларда және тұтастай алғанда автомобильде көркемдік форманы жүзеге асыру тәсілдерін ашатын көркемдік құрылымының теориялық ережелерін қамтитын автомобиль дизайнының теориялық негіздері баяндалады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Электромобиль және гибридті автомобиль құрылысы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаща емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • студенттердің автомобильдерді, шанақтар мен салондарды көркем құрастыру, жүргізушінің жұмыс орнының эргономикасы және автомобиль конструкцияларын жасау кезінде жолаушыларға арналған орындар саласында ғылыми және кәсіби білім мен дағдылар жүйесін қалыптастыру.
Міндет
  • - студенттердің ғылыми ойлауын қалыптастыру ; ; -машина жасаудың негізгі ғылыми-техникалық проблемалары және техниканың аралас салаларымен өзара байланыста даму перспективалары туралы түсінік қалыптастыру; - автомобиль конструкцияларының даму үрдістері туралы түсінік қалыптастыру; - автомобильдердің эргономикасы және көркемдік құрастыру (дизайн) әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру; - автомобиль конструкциясында қолданылатын материалдар туралы түсінік қалыптастыру; -салада қолданыстағы нормативтік-технологиялық және жобалық құжаттаманы игеру және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • автомобильдің эргономикасын және дизайн білу және түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алынған білім мен дағдыларды практикада және мамандық бойынша пәндерді оқуда қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Автомобиль конструкцияларының дизайны және автомобиль басқару органдарының эргономикасы туралы пайымдауларды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Топтың басқа мүшелерімен бірлесе отырып тапсырмаларды шешу мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ұқсас пәндерді оқу кезінде дағдылар алу
Оқыту әдістері

Дәстүрлі дәріс және практикалық сабақтар

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг 1 тапсырма 0-100
2 тапсырма
тестілеу
2  рейтинг 3 тапсырма 0-100
4 тапсырма
тестілеу
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Эстетика және Дизайн, негізгі ережелер
  • Дизайнның қасиеттері және олардың сипаттамасы Дизайн қасиеттері: эстетикалық, функционалдық, конструктивтілік, технологиялылық, эргономикалылық
  • Дизайндағы форма мен мәні
  • Композиция негіздері және формалардың комбинаторикасы, дизайндағы үйлесім
  • Дизайндағы композиция және үйлестіру санаттары
  • Дизайндағы үйлестіру құралдары
  • Көркем құрастырудағы мәнерлілік құралдары
  • Көркем құрастырудағы жарық және түс мәнерлілігі құралдары Түс: түстің өңі, түстің ашықтығы, түс өңімен қанықтығы, колориметрия
  • Түсті қабылдау
  • Әрлеуде сәндік материалдарды қолдану
  • Техникалық бұйымдар дизайнындағы эргономика
  • Көркем құрастыру негіздері
  • Жобалау кезеңдері
  • Жобалау элементтері, ұғымдар
  • Түсті графикалық дизайн құралдары, өндірістік графика
Негізгі әдебиет
  • 1. Муздыбаев М.С., Муздыбаева А.С. Основы дизайна и эргономика технических устройств на транспорте: Учебное пособие. – Усть-Каменогорск: ВКПК «АРГО», 2012. – 164 с. ISBN 978-601-7137-35-9 2. Муздыбаев М.С. Основы эргономики и дизайн транспортной техники: Методические указания к практическим занятиям для студентов специальности 5В071300 «Транспорт, транспортная техника и технологии». – Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2010. – 20 с. 3. Stone, Richard. Automotive engineering fundamentals / Richard Stone and Jeffrey K. Ball. SAE Permissions, 400 Commonwealth Drive, Warrendale, PA 15096-0001, USA. 2004. 595 p. ISBN 0-7680-0987-1
Қосымша әдебиеттер
  • 4. Мунипов В.М., Зинченко В.П. Эргономика: человекоориентированное проектирование техники, программных средств и среды. Учебник - М.: Логос, 2001. - 356 с. ISBN 5-94010-043-0 5. Шпара П.Е., Шпара И.П. Техническая эстетика и основы художественного конструирования. К.: Выща шк. Головное изд-во, 1989. – 247 с. 6. Барташевич А.А. Основы художественного конструирования. Минск: Вышейш. шк., 1984. – 226 с. 7. Сомов Ю.С. Композиция в технике. М.: Машиностроение, 1977. – 270 с.