Металлургиялық үрдістердің технологиясы
Сипаттама: Пән металл өндірудің теориялық негіздерін, қара және түсті металдар металлургиясы өндірісінің негізгі технологияларын және түрлі металлургиялық өнімдердің: шлактардың, балқымалардың, штейндердің, оксидтердің және т.б. физикалық-химиялық сипаттамаларын, сондай-ақ металлургия зауыттары жабдықтарының негізгі түрлерінің сипаттамаларын зерделеуді қамтиды.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Аналитикалық химия
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Металлургиялық үрдістердің технологиясы» пәнін оқытудың мақсаты оқытылушыларға қара және түсті металдарды өндірудің негізгі теориялық және технологиялық шарттары туралы тереңдете білім беру; күрделі технологиялық міндеттерді шеше білу; әрекеттегі металлургиялық агрегаттарда және тәжірибелік- өнеркәсіптік кешендердегі технологиялық үрдістердің тәжірибелік зерттеулерін ұйымдастыру және басқару бойынща өзіндік жұмыстар орындауп үйрену.
Міндет
- қара және түсті металдар металлургиясындағы агрегаттарда жүретін үрдістердің жалпы заңдылықтарын игеру; шикіқұрамды есептеу, үрдістің материалдық және жылулық баланстарын есептеу әдістерін игеру; технологиялық үрдістерді қарқындату жолдарын зерделеу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пәнді оқудың нәтижесі қара және түсті металдар өндірісінің негізгі теориялық және технологиялық принциптері, өңдеуге түсетін шикізаттың құрамы негізінде, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, технологиялық өндіріс схемаларын құра білу болып табылады. металдар және олардың қосылыстары. Процестің зарядын, материалды және жылу балансын есептеу, технологиялық процестерді және балқытуды бақылауды күшейту, зерттелетін жүйеде болатын болжамды процестердің термодинамикалық мүмкіндігін бағалау және процестерді жүргізудің оңтайлы параметрлерін таңдау. Студенттер білуі керек: - қара және түсті металдарды өндірудің негізгі теориялық және технологиялық ережелерін; - негізгі технологиялық жабдықтар; - металдарға қойылатын талаптар; - процестердің техникалық-экономикалық көрсеткіштері. Дағдылар: - балқытылатын металдың шикіқұрамын таңдау және химиялық құрамын есептеуде; - қажетті қорытпаларды алудың ең ұтымды әдісін таңдауда; - өндіріс технологиясын жасауда және шикізат пен алынған өнімнің шығынын есептеуде.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қара және түсті металлургия саласындағы кәсіби мәселелерді шешу үшін практикалық және теориялық кәсіби білімдерін пайдалану. Алынған білімді балқытылатын металдың химиялық құрамын таңдауда және есептеуде қолдануға болады; қажетті қорытпаларды алудың ең ұтымды әдісін таңдау кезінде; өндіріс технологиясын жүргізу және шикізат пен алынған өнімнің шығынын есептеу кезінде.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ойлау мәдениетін меңгеру, қара және түсті металдар өндірісінің теориялық және технологиялық принциптерін жалпылау және талдау; кәсіби тапсырмаларды орындаудың тиімді әдістері мен құралдарын таңдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Командада жұмыс істей білу, қызметкерлермен және басшылықпен тиімді қарым-қатынас жасау. Адамдарды тыңдап, түсіне білу, оларға әсер ету, олармен жақсы жеке және іскерлік қарым-қатынас орнату.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Кәсіби және тұлғалық даму міндеттерін өз бетінше анықтау; өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу; мақсатқа және оған жету жолдарына қарай өз іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
Оқыту әдістері
оқу-зерттеу іс-әрекетінің технологиясы
пікірталас, талдаулар
қашықтықтан оқыту технологиялары
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Тапсырма 1 | 0-100 |
Тапсырма 2 | ||
Тесттік бақылау 1 | ||
2 рейтинг | Тапсырма 3 | 0-100 |
Тапсырма 4 | ||
Тесттік бақылау 2 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- Жанудың физика-химиялық негіздері
- Сульфидтердің, оксидтердің, хлоридтердің және фторидтердің түзілу және диссоциациялану процестері
- Тотықсыздану процестерінің теориялық негіздері
- Тотықтыра балқытудың теориялық негіздері
- Металлургиялық өндірістің шикізаты және оларды дайындау
- Шойын өндірісі
- Болат өндірісі
- Ферроқорытпа өндірісі
- Түсті металдарды өндіру
- Алюминий металлургиясы
- Титан өндірісінің негіздері
- Металлдық вольфрамның өндіру негіздері
Негізгі әдебиет
- Вегман Е.Ф., Жеребин Б.Н., Похвиснев А.Н. и др. Металлургия чугуна. - М.: Академкнига, 2004. - 774 с.
- Черная металлургия России и стран СНГ в ХХI веке. - М.: Металлургия, 1994, т 2.
- Торговец А.К., Шишкин Ю.И., Артыкбаев О.А. Теория, технология и оборудование внепечной обработки металлов. - Алматы: Гылым, 2004. - 273 с.
- Ванюков А.В., Уткин Н.И. Комплексная переработка медного и никелевого сырья. – Челябинск: Металлургия, 1988. – 432 с.
- Валиев Х.Х., Романтеев Ю.П. Металлургия свинца, цинка и сопутствующих металлов. – Алматы: 2000. – 441 с.
- Воскобойников В.Г., Кудрин В.А., Якушев А.М. Общая металлургия. - М.: Академкнига, 2002. - 786 с.
- Ванюков В. А., Зайцев В. Я. Теория пирометаллургических процессов. - М.: Металлургия, 1991, 350с.
- Рыженков Д. И., Арсентьев П. П., Яковлев В. В. и др. Теория металлургических процессов. - М.: Металлургия, 1989, 391с.
Қосымша әдебиеттер
- Белов, Б. Ф. Современные проблемы теории и технологии металлургических процессов : монография / Б. Ф. Белов, А. Я. Бабанин. — Ростов-на-Дону : Донской государственный технический университет, 2022. — 186 c.
- Серов Г.В. Физические основы производства. Расчеты и контроль металлургических процессов : практикум / Серов Г.В., Сидорова Е.Н.. — Москва : Издательский Дом МИСиС, 2018. — 64 c.