Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B07201 - Металлургия
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бітірушіге тау-кен металлургия саласында табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, оның әлеуметтік ұтқырлығы мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін жалпы мәдени және кәсіби-арнайы құзыреттерді қалыптастыру арқылы жоғары білікті мамандарды даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Концентраттарды алу мақсатында кендерді және басқа материалдарды өңдеу үрдістерін, талап етілетін сападағы металл бұйымдарын, металдар мен қорытпаларды алу үрдістерін, сонымен қатар белгілі бір қасиеттерге жету үшін металдардың (қорытпалардың) химиялық құрамы мен құрылымы өзгеретін өңдеу үрдістерін қамтиды.
Кәсіби қызмет объектісі:

- минералдық және техногендік шикізатты қайта өңдеуге, түсті және сирек металдарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды өндіруге және өңдеуге арналған технологиялық процестер мен құрылғылар;
- түсті металлургия, химия, тау-кен-химия және машина жасау өндірісінің өнеркәсіптік кәсіпорындары;
- өндірістік, жобалық және ғылыми бөлімшелер;
- әртүрлі меншік формасындағы фирмалар.
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- ғылыми-зерттеу;
- есептік-жобалық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- металдар мен қорытпаларды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды алудың және өңдеудің технологиялық процестерін жүзеге асыру;
- технологиялық үдерісті және жабдықтың жұмысын бақылауды жүзеге асыру;
- технологиялық процестің регламентін және алынатын өнімнің сапасын сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны өндірістің техногендік әсерінен қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
- өндірістегі технологиялық процестердің сапа менеджменті бойынша техникалық құжаттаманы дайындау;
- экономикалық шешімдер негізінде ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді таңдау және негіздеу үшін бастапқы деректерді дайындау;
- техникалық-экономикалық негіздемеге ақпарат жинау және жаңа жобаларды әзірлеуге және жұмыс істеп тұрған цехтарды, өнеркәсіптік агрегаттар мен жабдықтарды қайта құруға қатысу;
- жобалауды автоматтандырудың стандартты құралдарын қолдану арқылы техникалық тапсырмаға сәйкес технологиялық процестің жеке сатыларын есептеу және жобалау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті. Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын, пікірталас пен дау-дамайды жүргізу әдістерін меңгеру. Ойды дұрыс жеткізе білу, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелді түрде қорғай білу.
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті. Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативті қабілеттерге ие болу. АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеу.
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті. Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін білімді көрсету; инклюзивтілікті және барлық қатысушылардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ете отырып, негізделген шешімдер қабылдау.
4. Кешенді инженерлік қызметте математикалық, жаратылыстану-ғылыми, экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімді қолдану қабілеті Әртүрлі физикалық және химиялық ұғымдарды, Заңдарды түсіндіру, эксперименттер жүргізу, нәтижелерді жинақтау
Алынған білімді металлургиядағы нысандарды және технологиялық процестерді модельдеу мақсатында кешенді инженерлік қызметте қолдану
5. Ақпаратты өңдеу үшін негізгі білімді меңгеру және ақпараттық технологиялардың коммуникативтік міндеттерін шешу үшін қолдану қабілеті Ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын меңгеру
Заманауи металлургиялық технологиялар мен материалдарды жетілдірудегі ақпараттың мәні мен маңызын түсіну
6. Кешенді инженерлік қызметтің құқықтық, әлеуметтік, экологиялық және мәдени аспектілерін білу қабілеті Ұйымдастыру-басқару қызметі, орындаушылық шешімдер, ұжым жұмысын ұйымдастыру дағдыларын қолдану
Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарын өндіріске енгізу және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын меңгеруді көрсету
7. Жобалау-технологиялық қызметті орындау және жобаның инновациялық әлеуетін, инновациялық тәуекелдерді бағалау қабілеті Кендер мен концентраттарды өңдеуде металлургиялық процестердің интерактивті үлгілерін жасайтын жасанды интеллект пен иммерсивті технологияларды қолдану
Түсті, сирек және бағалы металдар металлургиясындағы технологиялық процестерді басқаруды ұйымдастыру. Түсті, сирек және бағалы металдар металлургиясындағы инновациялық және рационализаторлық қызметке қатысу
8. Түсті металдар мен олардан жасалған бұйымдар өндірісі саласында инновациялық технологиялар мен материалдар құру, ғылыми-инновациялық қызметке қатысу Түсті металдар мен олардан жасалған бұйымдарды өндіру саласында өңдеу және нәтижелерді талдай отырып, берілген әдістемелер бойынша қажетті эксперименттер жүргізу
Енгізілетін жаңа жабдықты игеру, қолданыстағы технологиялық жабдықтың техникалық жай-күйі мен қалдық ресурсын тексеру
9. Кешенді, энергия үнемдейтін және экологиялық таза металлургиялық технологияларды әзірлеу үшін заманауи әдістерді қолдану қабілеті Негізгі ұғымдар мен заңдарды, заңдылықтар мен теорияларды, сондай-ақ байыту және металлургиялық процестерде білімді түсіндіру және пайдалану үшін заманауи технологияларды меңгеру
Металлургиялық өнімдерді шығару кезінде технологиялық регламентті сақтау, өндіріс технологияларын игеру, сапаны бақылау әдістерін қолдану
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер