Өнімдерді бүлдірмей бақылау
Сипаттама: Пән қарастырылып отырған бақылау объектісінің жай-күйі мен сапасын анықтау әдістері мен технологияларымен танысуға бағытталған. Бұзбайтын бақылаудың қандай әдісімен осы объектінің жай-күйін анықтауға болатындығын (бақылау объектісінде ақаудың немесе жұмыс істемеудің басқа белгісінің болуы немесе болмауы) түсінуді қалыптастыру. Нәтижесінде білім алушылар бұзбайтын бақылау негіздерін меңгереді, объектілердің жай-күйін бағалау үшін қолайлы әдістерді таңдауды, ақаулар мен жұмыс істемеу белгілерін анықтауды, сондай-ақ алған білімдерін техникалық бақылау практикасында негізді қолдануды үйренеді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Квалиметрия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Өнімдерді бұзбай бақылау» пәнін оқытудың мақсаты студенттерді сынауларды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу әдістерінің негізгі ережелерін үйрету болып табылады. Сондай-ақ әрі қарай білім алу үшін сынау нәтижелерін әрі қарай полигондарда, өндірістік кәсіпорындарда және жобалық ғылыми-зерттеу ұйымдарында тәжірибиелік пайдалану шарттарында әртүрлі өндіріс салаларында өнімдерді зерттеушілік, анықтамалық және бақылау сынауларында өңдеу
Міндет
- студенттердің әртүрлі өндіріс салаларында өнімдерді зерттеушілік, анықтамалық және бақылау сынаулары әдістерін меңгеруі. Сынауларды ұйымдастыру және өткізу жалпы ережелері мен тәсілдерін меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Кең ойлы және мәдени ойлай алатын жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға себеп болатын жаратылыстану ғылыми пәндері аясында базалық білімдерді меңгеру. Елде және шет елде стандарттау, метрология және квалиметрияның заманауи жағдайы. Әртүрлі салаларда қолданылатын сынау жабдықтары жайлы білу - сынауларды техникалық, математикалық, әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз етуді заманауи дамыту дәрежесі жайлы өнімдердің сапасын қамтамасыз ету жүйесінде сынау міндеттері жайлы білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Заманауи техниканы пайдалану дағдыларын білу, кәсіби қызмет аясында ақпараттық технологияларды пайдалана білу. Өнімнің сапасын бақылау және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету де бақылау-өлшеу және сынау техникларын, заманауи тексеру, жөндеу және дәлдемелеу құралдарын қолдана білу, құжаттарды метрологиялық сараптаудан өткізуді білу механикалық, климаттық және биологиялық факторлардың әсеріне негізгі сынауларды жүргізу әдістерін қолдану;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа менеджменті, қадағалау жүйесі және өнім сапасын бақылау бойынша заңнамалық, нормативті-құқықтық және әдістемелік материалдарды білу Стандарттарды, техникалық регламенттерді және өзге де нормативтік құжаттарды өңдеу, бекіту және енгізу ретін, сапа менеджменті жүйесін, оларды өңдеу ретін, сертификаттауды, аудитті енгізу және жүргізуді білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Өмір дәрежесінің өнім және қызмет сапасымен байланысы жайлы, талдау жүйелері және оларды пайдалану жайлы білу Кәсіпорында қолданылатын тандарттар мен өзге де стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша жүйелік тексеруді жэүзеге асыру дағдыларын білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдерді меңгеру дағдыларын игеру Стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша техникалық регламенттерді және өзге де құжаттарды, жаңа стандарттарды өңдеу және әрекеттегілерін қарастыру дағдыларын білу
Оқыту әдістері
Сабақтар негізінен белсенді және шығармашылық түрде өткізіледі. Пәнді оқу кезінде келесі білім беру технологиялары қолданылады: оқу-зерттеу қызметі; коммуникативтік технологиялар (пікірталас, баспасөз конференциясы, ми шабуылы, оқу дебаттары және басқа да белсенді формалар мен әдістер); ақпараттық-коммуникациялық.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- ВӨБ жүйелерінің басқа бұзбайтын бақылау жүйелерімен байланысы
- Оптикалық әдістің негізгі сұрақтары
- Енетін заттармен бақылау
- Магниттік және электрмагниттік бақылау әдістері
- Жылулық әдістің негізгі сұрақтары
- Радиотолқындық әдістің негізгі сұрақтары
- Радиациялық әдістің негізгі сұрақтары
- Акустикалық бақылау
- Бұзбайтын бақылау саласындағы аттестаттау жүйелері туралы қысқаша мәліметтер
Негізгі әдебиет
- Костылев Ю.С., Лосицкий О.Г. Испытания продукции. М.: Изд-во стандартов, 1989. - 248с. Испытательная техника: Справочник в 2-х кн. Под ред. В.В. Клюева. М.: Машиностроение, 1982. - Кн.1. 1982. - 528с. Испытательная техника: Справочник в 2-х кн. Под ред. В.В. Клюева. М.: Машиностроение, 1982. - Кн.2. 1982. - 560с.