Сорғыш бекеттері және су алу ғимараттары
Сипаттама: Сораптар, олардың жіктелуі, құрылымы және қолдану саласы туралы жалпы ақпарат береді. Заманауи жабдықтармен таныстырады. Сорап бекеттерінің түрлерін қарастырады, сорап бекеттерін есептеу мен жобалаудың негізгі ережелерін зерттейді. Жер үсті су алу ғимараттарының әр түрлерімен, олардың орналасуын пайдалану және таңдау шарттарымен таныстырады. Су алу ғимараттарын есептеу әдістемесін зерттеу және сорап бекеттерін есептеу және жобалау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | 15 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
курстық жоба | |
Қорытынды бақылау нысаны | |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Сорап бекеттерін және су алу ғимараттарын жобалау және пайдалану бойынша өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, жобалау-құрастыру және зерттеу салаларындағы мамандарды дайындау.
Міндет
- - Әртүрлі сораптардың жұмыс істеу принциптерін және құрылымдарын, сумен қамту және канализация жүйелері сорап бекеттерінің құрылымдық ерекшеліктерін оқып, зерттейді. Сорап бекеттерінің негізгі және қосалқы қондырғыларын және су алу ғимараттарының негізгі элементтерін оқып зерттейді.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- сорап қондырғысының жұмыс істеу принципін және құрылымын білу және түсіну; сорап қондырғысына таңду жүргізуді білу және түсіну. сорап бекеті және су алу ғимараттарының орналасу конценпсиясын және олардың негізі көрсеткіштерін анықтай білу және түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Білімдерін және түсініктерін су өткізуші және канализациялық сорап бекеттерін және су алу ғимараттарын жобалауда және сорап бекеттерінің негізгі және көмекші қондырғыларын таңдауда қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Білім алушыларда сораптардың жіктелуі және қолданылуы бойынша және сорап бекеттері мен су алу ғимараттарының жобалануы бойынша пікірдің қалыптасуы
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - Командада жұмыс істеуге қажетті коммуникативті қабілеттерді дамыту;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Соңғы жаңа жетістіктерді (қондырғыларды) сумен қамту және канализация сорап бекеттерін және су алу ғимаратарын жобалауда қолдану. Сорап бекеттерінің және су алу ғимаратының негізгі элементтеріне есептеу жүргізіп, жұмыстық сызбаларын құрастыра білу
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде келесі білім беру технологияларын пайдалану қарастырылады: - қосарланған оқыту (дуальное обучение); - проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары; - оқу-зерттеу қызметі технологиялары;
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Зертханалық жұмыс 1-3 | 0-100 |
Тәжірибелік сабақ 1-4 | ||
Рубеждік тест | ||
2 рейтинг | Зертханалық жұмыс 5-7 | 0-100 |
Тәжірибелік сабақ 5-8 | ||
Рубеждік тест | ||
Қорытынды бақылау | курстық жоба | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Жалпы мәліметтер және сораптың негізгі көрсеткіштері
- Ортадан тепкіш сораптардың құрылымы және жұмыс істеу принципі
- Ортадан тепкіш сораптардағы сұйықтық қозғалысы
- Сору биіктігі және кавитация құбылысы
- Сорап арқылы пайда болатын арын
- Пропорционалдық заңдылық
- Ортадан тепкіш және өстік сораптардың типтері және құрылмыдары
- Сорап қондырғыларының арматуралары
- Ортадан тепкіш сорап сипаттамасы
- Ортадан тепкіш сораптардың қатар және тізбектелген жұмысы
- Су өткізгіш сорап бекеттері
- Екінші көтеру сорап бекеттерінің берілісін және арынын есептеу
- Өзендерден су алу ғимараттары
- Су қоймаларынан су алу ерекшеліктері
- Жер асты көздерінен су алу ғимараттары
Негізгі әдебиет
- 1 Қасымбеков Ж.Қ. Сораптар және желдеткіштер. Оқу құралы. Алматы, 2014 – 296 б.
- 2 Мамырбекова Г.Қ. Сораптар және сорап бекеттері. Оқу құралы. ШҚМТУ, 2022-103 б.
- 3 Карелин В.Я., Минаев А.В. Насосы и насосные станции.Учебник для вузов, 3-е изд. – М: ООО «Ид «БАСТЕТ»,2016 г.-448 с.
- 4 Мамырбекова Г.Қ., Давыдов Ю.Ф. Сорғыштар. Зертханалықжұмыстарды орындауға арналған әдістеметлік нұсқау.
Қосымша әдебиеттер
- 1 Справочник по специальным работам. Монтаж систем внешнего водоснабжения и канализации / Под ред. Перешивкина А.К. – М.: Стройиздат, 1986 г. 2 Справочник монтажника. Оборудование водопроводно-канализационных сооружений / Под ред. Москвитина А.С. – М.: Стройиздат, 1986 г. 5 СНиП РК 4.01.02-2009. Строительные нормы и правила РК. Водоснабжение. Наружные сети сооружения.-Астана, 2009. 3 Шевелёв Ф.А., Шевелев А.Ф. Таблицы для гидравлического расчёта стальных, чугунных, асбестоцементных, пластмассовых и стеклянных водопроводных труб. М: ООО «Ид «БАСТЕТ», 2009-352с.