Суару жүйесінің мелиорациясы
Сипаттама: Ауылшаруашылық гидротехникалық мелиорация саласындағы білімді қалыптастырады. Топырақтың су режимімен, суару режимінің негізгі элементтерімен, суару әдістерімен және оларды қолдану шарттарымен, суару әдістері мен техникасымен таныстырады. Суару жүйелерінің түрлері мен жаңғырту және оларды жобалаудың негізгі ережелерін зерттейді. Суаруға арналған заманауи суару машиналарын қарастырады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Гидравлика және арна гидравликасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Суландыру мелиорациясы» пәнін оқудың мақсаты студенттерде, қоршаған ортаны сақтай отырып, егістіктерде ауылшаруашылық дақылдарының жоғары және тұрақты өнімдерін алуды қамтамасыз ететін топырақтың сулы, ауалы және қоректік тәртібін реттеу және құру сұрақтарын шешуде, кәсіби білімдерін және машықтарын қалыптастыру, сонымен қатар мелиорация бойынша білімдерін күрделі табиғи жағдайлардағы ауылшаруашылық саласындағы нақты мәселелерді шешуде қолдану.
Міндет
- Пәннің міндеті - студенттерді, ауылшаруашылық дақылдары үшін қажетті топырақтың сулы, ауалы және азықтық тәртібін қамтамасыз ететін суландыру мелиорациясын және суландыру жүйесінің түрін тәжірибе жүзінде дәлелдеуге үйрету; - мелиоративтік шараларды таңдау және дәлелдеуге арналған мәселерерді шешу міндеттерін дұрыс қоюға, қоршаған орта және инженерлік объектілер жағдайы туралы ақпараттарды алуға және өңдеуге үйрету;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Суару мелиорациясының негізгі түрлерін, олардың қолданылу саласын, есептеулер жүргізу және суару жүйелерін жобалау қабілетін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Суару мелиорациясы саласындағы міндеттерді шешу үшін ғылымның жаңа жетістіктерін қолдана білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері негізінде суару мелиорациясы саласындағы міндеттерді тиімді шешу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Суару мелиорациясы саласындағы міндеттерді жеке, топ мүшесі немесе басшы ретінде тиімді шешу мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Суару жүйелерін есептеу және жобалау дағдыларына ие болу
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Ауылшаруашылық дақылдарын суландыру тәртібін биоклиматтық тәсілмен есептеу | 0-100 |
Ауыспалы егіс дақылы үшін гидромодуль графигін жобалау. | ||
Борозда және алқап бойынша суару техникасы элементтерін есептеу. | ||
СӨЖ 1-2 | ||
Рубеждік тест | ||
2 рейтинг | Суландыру және тастау желісінің гидравликалық есебі және бойлық қимасын құру. | 0-100 |
Жаңбырлату тәсілімен суару техникасы элементтерін есептеу. | ||
СӨЖ 3-4 | ||
Рубеждік тест | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Қазақстан және ТМД жерлерінің суаруды талап етуі
- Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін оңтайлы жағдайлар және өсімдіктердің топырақтың су, ауа және жылулық тәртібіне талаптары
- Суландыру мөлшері, және олардың шамаларын анықтау тәсілдері
- Күрішті суландыру тәртібі
- Егіс алаңында ауылшаруашылық дақылдарын суландырудың есептік тәртібі
- Беттік суландыру
- Жаңбырлатып суландыру
- Аэрозольды ылғалдандыру
- Топырақ астымен суландыру
- Тамшылы суландыру
- Ашық суару желісі
- Құбырлы суландыру желісі
- Құрама суландыру желісі
- Күрішті суландыру жүйелері
- Сарқынды сулармен суландыру
Негізгі әдебиет
- 1 А.С. Субботин, В,А. Хаустов Гидротехника и мелиорация Российский государственный гидрометеорологический университет, М:, 2006 г. 2 Н.Н. Дубенок, К.Б. Шумакова Практикум по гидротехническим сельскохозяйственным мелиорациям, М: Колос, 2008 г 3 Е.Д. Сабо, В.С. Теодоронский, А.А. Золотаревский Гидротехнические мелиорации объектов ландшафтного строительства, М:, 2008 г. 4 Бабиков Б. В. Гидротехнические мелиорации: Учебник. 4-е изд.М, 2005 г. 5 СНиП 2.06.03-85 Мелиоративные системы и сооружения
Қосымша әдебиеттер
- 1. С.И. Исабай, Ж.С. Мұстафаев, Қ.Қ. Мұсабеков, Н.Б. Ізбасов, Қозыкеева Ә.Т., Нұрабаев Д.М. Суғару мелиорациялары. Тараз, 2013.-416 б 2. А.С. Субботин, В,А. Хаустов Гидротехника и мелиорация Российский государственный гидрометеорологический университет, М:, 2006 г. 3. Н.Н. Дубенок, К.Б. Шумакова Практикум по гидротехническим сельскохозяйственным мелиорациям, М: Колос, 2008 г 4. Е.Д. Сабо, В.С. Теодоронский, А.А. Золотаревский Гидротехнические мелиорации объектов ландшафтного строительства, М:, 2008 г.