Өнеркәсіп қалдықтарын көму, залалсыздандыру және қайта пайдалану негіздері
Сипаттама: Пән өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі сипаттамаларын, қоршаған ортаны өнеркәсіптік қалдықтармен ластанудан қорғауды, қалдықтарды кәдеге жарату әдістері мен технологияларын, полигондар мен қоқыс тастайтын жерлерде қалдықтарды өңдеу, қоймалау және сақтау тәсілдерін, қалдықтарды кәдеге жарату процестерінің жалпы заңдылықтарын, өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратудың құқықтық, экономикалық және экологиялық аспектілерін қарастырады. Қалдықтарды паспорттау және сертификаттау мәселелері қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Өнеркәсіптік экология
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату, залалсыздандыру және көму негіздері» пәнін оқытудың басты мақсатына өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі топтарын, оларды залалсыздандыру, көму және қайта пайдалану мәселелерін техникалық және технологиялық шешуді, сонымен қатар қорымдар, полигондар мен көму бөліктерінің маңындағы аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін айқындаудың дағдыларын қалыптастыру жатады.
Міндет
- -қалдықтар және оларды ретке келтіруші шараларды сипаттайтын нормативті және заңды құжаттарды; -қалдықтың негізгі түрлері мен олардың қасиеттерін, қалдықтарды зиянсыздандырудың технологиялық қағидаларын; -пайдаға асырудың негізгі қағидалық сұлбалары мен олардың тиімділігін; -қалдықты көму сұлбалары мен әдістерін; -қорымдар мен полигондарды жобалаудың негізгі қағидаларын; -көмілген материалдарды қорғау мен сақтаудың инженерлік әдістерін ұйымдастыруды; -полигондарды қадағалау мен бақылау жүйелері мен әдістерін оқып үйренуі қажет.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білу керек: нормативті-техникалық әдебиеттерді қолдануы; қалдықтардың қолайсыз ерекшеліктерін талдау мен бағалау және оларды жіктеу; - өнеркәсіптік қалдықтарды қайта пайдалану, зиянсыздандыру және сақтау технологияларының қауіпсіздігін, тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыздандыратын оңтайлы инженерлік шешімдерді таңдау және дәлелдей білу; - өнеркәсіптік қалдықтарды тиімді пайдалануы бойынша есептерді шешуді және анықтау; - екінші дәрежелі шығарындылардың қалыптасуын ескермейтін пайдаға асырудың технологиялары, қондырғылары мен сұлбаларын таңдау; - өнеркәсіптік қалдықтарды кешенді пайдаланудың тиімді технологияларын нақты өнеркәсіпке бейімдеу мүмкіндігін таңдау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - зиянды және нормативтік-құқықтық база, техникалық және жобалық құжаттаманы, эксперименттік-зерттеу жұмыстарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мен еңбек қорғауға қатысты барлық аспектілерде бақылауды, әзірлеу мен құрастыруды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерінде құзыретті болу керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру, қайта кәдеге жарату және көмуге қатысты әлеуметтік-экологиялық жүйелердің проблемалары туралы көзқарасы болуы керек
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- зиянды және нормативтік-құқықтық база, техникалық және жобалық құжаттаманы, эксперименттік-зерттеу жұмыстарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мен еңбек қорғауға қатысты барлық аспектілерде бақылауды, әзірлеу мен құрастыруды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерінде құзыретті болу керек.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- нақты материалды талдау; - қалдықтарды сәйкестендіру; - қалдықтармен іс – шараларды есептік-талдамалық бағалау
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Конспекты лекций | 0-100 |
Рубежный контроль | ||
Практические работы | ||
2 рейтинг | Конспекты лекций | 0-100 |
Рубежный контроль | ||
Практические работы | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Практикалық (семинарлық) сабақтарда жұмыс істеу | Практикалық жұмысты толық көлемде орындады; жауапта барлық жазбаларды, кестелерді, суреттерді, сызбаларды, графиктерді, есептеулерді дұрыс және ұқыпты орындайды; қателерді талдауды дұрыс орындайды. Сұрақтарға жауап беру кезінде ол сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарды дәл анықтайды және түсіндіреді; жауапты жаңа мысалдармен сүйемелдейді, білімді жаңа жағдайда қолдана алады; зерттелген және бұрын зерттелген материал, сондай-ақ басқа пәндерді оқу кезінде алынған материал арасында байланыс орната алады | Білім алушының сұрақтарға жауабы негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ жаңа жағдайда білімді қолданбай, бұрын зерттелген материалмен және басқа пәндерді оқу кезінде игерілген материалмен байланысты пайдаланбай беріледі; бір қателік немесе екіден көп емес кемшіліктер жіберілді, білім алушы оларды дербес немесе оқытушының аздаған көмегі арқылы түзете алады. | Жұмысты толық орындамады, тек практикалық, зертханалық жұмыс көлемінің кем дегенде 50% - ын орындап, алынған нәтижелері нақты қорытындылар алуға мүмкіндік береді; жұмыс барысында қателіктер жіберілді. Сұрақтарға жауап беру кезінде білім алушы сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта бағдарламалық материалды одан әрі игеруге кедергі келтірмейтін курс сұрақтарын игеруде жекелеген проблемалар бар; бір өрескел қателік пен екі кемшіліктен артық емес жіберілді. | Практикалық, зертханалық жұмысты дұрыс оырдамаған, ал орындалған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарламаның талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді; жауапты оң бағалау үшін қажет болғаннан көп қателіктер мен кемшіліктер жіберілді немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмайды |
Білім алушының өздік жұмысында берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды дайындап, қорғау | Өздік жұмысында берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды толық дайындап, қорғауда жүйелік теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін және нақтылау сұрақтарына тез жауап беру қабілетін көрсетеді | Өздік жұмысында берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін көрсетеді, бірақ сонымен бірге оқытушы тарапынан түзететін маңызды емес қателіктер жібереді | Жұмысты орындауда таяз теориялық білімді көрсетеді, құбылыстар мен процестерді талдаудың нашар қалыптасқан дағдыларын, дәлелді қорытынды жасай алмайтындығын және мысалдар келтіре алмайтындығын көрсетеді, және презентация дәйектілігін жете білмейді, оқытушы түзеткен кезде ғана түзете алатын қателіктер жібереді | Пәннің теориялық негіздерін білмегендігін, құбылыстар мен үрдістерді талдаудың қалыптаспаған дағдыларын көрсетеді, дәлелді қорытынды жасай алмайды және мысалдар келтіре алмайды, монологиялық сөйлеуді нашар меңгергендігін көрсетеді, терминологияны білмейді, қателіктер жібереді, сабаққа жауап беруден бас тартады |
Дәріс мәліметтерімен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беру | Жүйелік теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, құбылыстар мен үрдістердің мәнін логикалық және дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін және нақтылау сұрақтарына тез жауап беру қабілетін көрсетеді | Теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, логикалық және дәйекті түрде мәнін, құбылыстары мен процестерін түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін көрсетеді, бірақ сонымен бірге мұғалімнің өз бетінше немесе шамалы түзетуімен түзететін маңызды емес қателіктер жібереді | Таяз теориялық білімді көрсетеді, құбылыстар мен процестерді талдаудың нашар қалыптасқан дағдыларын, дәлелді қорытынды жасай алмайтындығын және мысалдар келтіре алмайтындығын көрсетеді, монологиялық сөйлеуді, терминологияны, логиканы және презентация дәйектілігін жете білмейді, мұғалім түзеткен кезде ғана түзете алатын қателіктер жібереді | Пәннің теориялық негіздерін білмегендігін, құбылыстар мен процестерді талдаудың қалыптаспаған дағдыларын көрсетеді, дәлелді қорытынды жасай алмайды және мысалдар келтіре алмайды, монологиялық сөйлеуді нашар меңгергендігін көрсетеді, терминологияны білмейді, тіпті мұғалім түзете алмайтын қателіктер жібереді, сабаққа жауап беруден бас тартады, |
Аралық бақылау тесттеріне жауап беру | Теориялық материалдар мазмұны бойынша құрастырлған бақылау тесттерінің 90-100 пайызына дұрыс жауап беру арқылы материалды толық иегергенін көрсетуі білім сапасы максимумға жақын балл санымен бағаланды | Курстық теориялық мазмұны толығымен, олқылықтарсыз игерілгенімен, кейбір бақылау тесттері қателіктермен орындалды, дұрыс жауаптар пайызы 70-89 орындалды | Теориялық материалдар мазмұны ішінара игерілді, олқылықтар бар, оқу бағдарламасында қарастырылған оқу тапсырмаларының көпшілігі орындалады, орындалған тапсырмаларда дұрыс жауаптар 50-69 пайызында болуы мүмкін | Курстың теориялық мазмұны игерілмеген, тест тапсырмаларын орындау сапасы төмен, берілген тесттердің дұрыс жауаптар пайызы 49 дан төмен болуы. |
Қорытынды бақылау | Теориялық материалдар мазмұны бойынша құрастырылған бақылау сұрақтарын толық талдап, бақылау сұрақтарының 90-100 пайызына дұрыс жауап беру арқылы материалды толық иегергенін көрсетуі білім сапасы максимумға жақын балл санымен бағаланады | Курстық теориялық мазмұны толығымен, олқылықтарсыз игерілгенімен, кейбір бақылау сұрақтары қателіктермен орындалды, дұрыс жауаптар пайызы 70-89 орындалды | Теориялық материалдар мазмұны ішінара игерілді, олқылықтар бар, оқу бағдарламасында қарастырылған бақылау сұрақтары орындалады, орындалған тапсырмаларда дұрыс жауаптар 50-69 пайызында болуы мүмкін. | Курстың теориялық мазмұны игерілмеген, бақылау сұрақтарына жауап беруді орындау сапасы төмен, берілген сұрақтардың дұрыс жауаптар пайызы 49 дан төмен болуы. |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Тақырып 1
- Тақырып 2
- Тақырып 3
- Тақырып 4
- Тақырып 5
- Тақырып 6
- Тақырып 7
- Тақырып 8
- Тақырып 9
- Тақырып 10
- Тақырып 11
- Тақырып 12
- Тақырып 13
- Тақырып 14
Негізгі әдебиет
- 1. Идришева Ж.К., Жаманбаева М.К., Даумова Г.К. Техногенді қалдықтарды өңдеу, қолдану және көму технологиялары // оқу құралы.216 б. 2021ж. 2. Ветошкин А.Г. Техника и технология обращения с отходами жизнедеятельности /Москва, Вологда:Инфра-Инженерия, 2019г., - 381с. 3. Харламова М.Д.,Курбатова А.И., Твердые отходы:технологии утилизации, методы контроля, мониторинг / М.:Юрайт,2020. -304с. 4. Ветошкин А.Г. Технологии защиты окружающей среды от отходов производства и потребления /Москва, Лань, 2021г., - 381с. 5. Вигдорович В.И., Шель Н.В, Зарапина И.В. Теоретические основы, техника и технология обезвреживания, переработки и утилизации отходов / М.: Юрайт,2018. -216с.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Адрышев А.К. Основы утилизации, обезвреживания и захоронения промышленных отходов: Конспект лекций. -Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2007.-206 с. 2. Валейжес С.Я. Основные способы утилизации и переработка вторичных ресурсов, М.: Металлургия, 1988. 3. С.С. Тимофеева «Введение в безопасность жизнедеятельности». – Ростов-на-Дону: Феникс, 2014 – 375 с. 4. Т.А. Трифонова; Н.В. Селиванова, Н.В. Мищенко. «Прикладная экология», -М.: Академический проспект –Традиции, 2015. -382 с. 5. Зайцев, В.А. Промышленная экология: учебное пособие. -Электрон. дан. -М.: "Лаборатория знаний" (ранее "БИНОМ. Лаборатория знаний"), 2012. -388 с. 6. Шубов Л.Я. Технология отходов: Учебник / Л.Я. Шубов, М.Е. Ставровский, А.В. Олейник. - М.: АльфаМ: ИНФРА-М, 2011. - 352 с. 7. Санитарная очистка и уборка населенных мест / АКХ им. К.Д. Памфилова. Под ред.А.Н. Мирного. – М.: Cтройиздат, 1997. - 206с. 8. Инструкция по проектированию, эксплуатации и рекультивации полигонов для твердых бытовых отходов. АКХ им. К.Д. Памфилова. – М.: Минстрой РФ, 1997. – 91с. 9. Бобович Б.Б, Девяткин В.В. Переработка отходов производства ипотребления. М.: Стройиздат, 1992.426 с. 10. Вильсон Д. Утилизация твердых отходов М.: Стройиздат, 1985. 320 с. 11. Гринин А.С., Новиков В.Н. Промышленные и бытовые отходы.М.: Изд-во Гранд, 2002. 328 с.