Қоршаған ортаны бақылау
Сипаттама: Пән табиғи ортаның, атмосфера, гидросфера, топырақ жай-күйін бақылаудың әдістері мен технологияларын зерделеуге, сондай-ақ экожүйелерге антропогендік әсерді талдауға бағытталған. Студенттер мониторингтің аспаптық және қашықтықтан бақылау әдістерін, нормативтік базаны және экологиялық деректерді түсіндіру дағдыларын меңгеруі керек. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер мониторинг бағдарламаларын әзірлей алады, ластану қаупін бағалай алады және экологиялық зиянды азайту үшін басқару шешімдерін қабылдай алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Химиялық талдау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | 15 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Геоэкологиялық жағдайды және табиғи-техникалық геожүйелерді кеңістіктік саралау заңдылықтарын тануда экологиялық білімнің жоғары сапасына қол жеткізу, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін бақылау, талдау, бағалау және болжау бойынша іс-әрекеттер призмасы арқылы өңірлік геоэкологиялық жағдайлардың даму перспективаларын бағалау.
Міндет
- - курстың теориялық көлемін оқу;-табиғи - техникалық геожүйелердің даму заңдылықтарын талдау; - табиғи ортаға антропогендік әсерлердің рұқсат етілген нормаларын анықтау бойынша дағдылар мен іскерлікті меңгеру; - табиғи ортаны оңтайландыру саласында ғылыми негізделген стратегияны әзірлеу., - нақты материалды талдау дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, - студенттерді инженерлік шешімдер қабылдауға үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Адамның тіршілік ету ортасының мониторингі деңгейін, құрылымын және міндеттерін; адамның тіршілік ету ортасын зерттеудің қолданыстағы әдістері мен құралдарын; ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейлерде мониторингтік әрекеттерді жүзеге асыру ерекшеліктерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қоршаған ортаны қорғаудағы іргелі және жаңа жетістіктерді пайдалану; геоэкологиялық жағдайды бағалау, қоршаған орта мониторингінің негізгі әдістемесін, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйінің параметрлерін бағалаудың ақпараттық жүйесін пайдалану, қоршаған ортаға антропогендік әсер ету жағдайында табиғи-техникалық геожүйелердің жай-күйін болжауды жүзеге асыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттаманы орындау, қоршаған ортаны бақылау әдістерін болжау және әзірлеу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби жүзеге асыру және қоршаған орта мониторингі саласындағы әдістер мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Схемаларды, аспаптарды, аппараттарды және мониторинг жүйелерін әзірлеу және жобалау әдістемесінде білімді жетілдіру. Мониторингтің алдыңғы қатарлы ғылыми әдістері саласындағы білімді жетілдіру және оларды проблемаларды жедел шешу үшін қажетті деңгейде пайдалану.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Тәжірибелік тапсырмалар | 0-100 |
Өздік жұмыс тапсырмалары; дәрістерді тапсыру | ||
Аралық бақылау тесті | ||
2 рейтинг | Тәжірибелік тапсырмалар | 0-100 |
Өздік жұмыс тапсырмалары; дәрістерді тапсыру | ||
Аралық бақылау тесті | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Практикалық (семинарлық), зертханалық сабақтарда жұмыс істеу | Практикалық жұмысты толық көлемде орындады; жауапта барлық жазбаларды, кестелерді, суреттерді, сызбаларды, графиктерді, есептеулерді дұрыс және ұқыпты орындайды; қателерді талдауды дұрыс орындайды. Сұрақтарға жауап беру кезінде ол сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарды дәл анықтайды және түсіндіреді; жауапты жаңа мысалдармен сүйемелдейді, білімді жаңа жағдайда қолдана алады; зерттелген және бұрын зерттелген материал, сондай-ақ басқа пәндерді оқу кезінде алынған материал арасында байланыс орната алады | Білім алушының сұрақтарға жауабы негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ жаңа жағдайда білімді қолданбай, бұрын зерттелген материалмен және басқа пәндерді оқу кезінде игерілген материалмен байланысты пайдаланбай беріледі; бір қателік немесе екіден көп емес кемшіліктер жіберілді, білім алушы оларды дербес немесе оқытушының аздаған көмегі арқылы түзете алады. | Жұмысты толық орындамады, тек практикалық, зертханалық жұмыс көлемінің кем дегенде 50% - ын орындап, алынған нәтижелері нақты қорытындылар алуға мүмкіндік береді; жұмыс барысында қателіктер жіберілді. Сұрақтарға жауап беру кезінде білім алушы сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта бағдарламалық материалды одан әрі игеруге кедергі келтірмейтін курс сұрақтарын игеруде жекелеген проблемалар бар; бір өрескел қателік пен екі кемшіліктен артық емес жіберілді. | Практикалық, зертханалық жұмысты дұрыс оырдамаған, ал орындалған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарламаның талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді; жауапты оң бағалау үшін қажет болғаннан көп қателіктер мен кемшіліктер жіберілді немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмайды |
Білім алушының өздік жұмысында берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды дайындап, қорғау | Өздік жұмысында берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды толық дайындап, қорғауда жүйелік теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін және нақтылау сұрақтарына тез жауап беру қабілетін көрсетеді | Өздік жұмысында берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін көрсетеді, бірақ сонымен бірге оқытушы тарапынан түзететін маңызды емес қателіктер жібереді | Жұмысты орындауда таяз теориялық білімді көрсетеді, құбылыстар мен процестерді талдаудың нашар қалыптасқан дағдыларын, дәлелді қорытынды жасай алмайтындығын және мысалдар келтіре алмайтындығын көрсетеді, және презентация дәйектілігін жете білмейді, оқытушы түзеткен кезде ғана түзете алатын қателіктер жібереді | Пәннің теориялық негіздерін білмегендігін, құбылыстар мен үрдістерді талдаудың қалыптаспаған дағдыларын көрсетеді, дәлелді қорытынды жасай алмайды және мысалдар келтіре алмайды, монологиялық сөйлеуді нашар меңгергендігін көрсетеді, терминологияны білмейді, қателіктер жібереді, сабаққа жауап беруден бас тартады |
Дәріс мәліметтерімен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беру | Жүйелік теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, құбылыстар мен үрдістердің мәнін логикалық және дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін және нақтылау сұрақтарына тез жауап беру қабілетін көрсетеді | Теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, логикалық және дәйекті түрде мәнін, құбылыстары мен процестерін түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін көрсетеді, бірақ сонымен бірге мұғалімнің өз бетінше немесе шамалы түзетуімен түзететін маңызды емес қателіктер жібереді | Таяз теориялық білімді көрсетеді, құбылыстар мен процестерді талдаудың нашар қалыптасқан дағдыларын, дәлелді қорытынды жасай алмайтындығын және мысалдар келтіре алмайтындығын көрсетеді, монологиялық сөйлеуді, терминологияны, логиканы және презентация дәйектілігін жете білмейді, мұғалім түзеткен кезде ғана түзете алатын қателіктер жібереді | Пәннің теориялық негіздерін білмегендігін, құбылыстар мен процестерді талдаудың қалыптаспаған дағдыларын көрсетеді, дәлелді қорытынды жасай алмайды және мысалдар келтіре алмайды, монологиялық сөйлеуді нашар меңгергендігін көрсетеді, терминологияны білмейді, тіпті мұғалім түзете алмайтын қателіктер жібереді, сабаққа жауап беруден бас тартады, |
Аралық бақылау тесттеріне жауап беру | Теориялық материалдар мазмұны бойынша құрастырлған бақылау тесттерінің 90-100 пайызына дұрыс жауап беру арқылы материалды толық иегергенін көрсетуі білім сапасы максимумға жақын балл санымен бағаланды | Курстық теориялық мазмұны толығымен, олқылықтарсыз игерілгенімен, кейбір бақылау тесттері қателіктермен орындалды, дұрыс жауаптар пайызы 70-89 орындалды | Теориялық материалдар мазмұны ішінара игерілді, олқылықтар бар, оқу бағдарламасында қарастырылған оқу тапсырмаларының көпшілігі орындалады, орындалған тапсырмаларда дұрыс жауаптар 50-69 пайызында болуы мүмкін | Курстың теориялық мазмұны игерілмеген, тест тапсырмаларын орындау сапасы төмен, берілген тесттердің дұрыс жауаптар пайызы 49 дан төмен болуы. |
Қорытынды бақылау | Теориялық материалдар мазмұны бойынша құрастырылған бақылау сұрақтарын толық талдап, бақылау сұрақтарының 90-100 пайызына дұрыс жауап беру арқылы материалды толық иегергенін көрсетуі білім сапасы максимумға жақын балл санымен бағаланады | Курстық теориялық мазмұны толығымен, олқылықтарсыз игерілгенімен, кейбір бақылау сұрақтары қателіктермен орындалды, дұрыс жауаптар пайызы 70-89 орындалды | Теориялық материалдар мазмұны ішінара игерілді, олқылықтар бар, оқу бағдарламасында қарастырылған бақылау сұрақтары орындалады, орындалған тапсырмаларда дұрыс жауаптар 50-69 пайызында болуы мүмкін | Курстың теориялық мазмұны игерілмеген, бақылау сұрақтарына жауап беруді орындау сапасы төмен, берілген сұрақтардың дұрыс жауаптар пайызы 49 дан төмен болуы. |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Мониторинг және оның элементтері туралы түсінік
- Қоршаған орта мониторингінің түрлері
- 3 тақырып
- Табиғи ресурстар мен қоршаған орта мониторингінінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мен оның міндеттері
- Атмосфералық ауа жағдайының мониторингі
- Атмосфералық ауа сапасын нормалау
- Су ресурстарының сапалық жағдайының мониторингі
- Су объектілерінің ластануын нормалау
- Жер үсті суларының мониторингі
- Гидрологиялық көрсеткіштерді бақылау бағдарламалары
- Топырақ жамылғысы жағдайының мониторингі
- Топырақтағы зиянды заттарды нормалау
- Табиғи ресурстар мониторингі Биомониторинг
- Жер қойнауының мониторингі
- Мониторингтің арнайы түрлері
Негізгі әдебиет
- 1. Экологический кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 2 января 2021 года № 400-VI ЗРК (с изменениями, внесенными от 02.01.2023 № 184, от 19.04.2023 № 223). 2. Жаманбаева М.К. Қоршаған орта күйінің мониторингі. Оқу құралы.- Өскемен.ШҚТУ, 2021. -110б. 3. Каракеян В.И. Мониторинг загрязнения окружающей среды. Учебник, Юрайт, 2016 - 397 с. 4.Киниболоцкая Ю.М.,Төлеужанова А.Г. Мониторинг окружающей среды и геоинформационные системы. Павлодар, Кереку. 2015. -137с. 5. Патова Е.Н. Экологический мониторинг. Учебное пособие. Сыктывкар. СЛИ, 2013г. 6. Завгородняя Ю.А., Караванова Е.Н., Салпагарова И.А. Экологический мониторинг. Практикум и семинары. Москва. МАКС Пресс, 2019 г.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Горшков М.В. Экологический мониторинг. Учеб. пособие / М.В. Горшков. - Владивосток: Изд-во ТГЭУ, 2010. - 313 с. 2. Тихонова И.О., Кручинина Н.Е., Десятков А.В. Экологический мониторинг водных объектов. – М.: Инфра-М, 2012. – 152 с. 3. Тихонова И.О., Тарасов В.В., Кручинина Н.Е., Экологический мониторинг атмосферы. – М.: Инфра-М, 2012. – 136 с. 4. IPR SMART http://www.iprbookshop.ru 5. ScienceDirect - http://www.sciencedirect.com. 6. EBSCO Discovery Service (EDS) - http://search.ebscohost.com