Радиациялық қауіпсіздік негіздері

Идришева Жанат Кабылбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән табиғи және Техногендік ортада иондаушы сәулелермен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерін зерттеуге бағытталған. Студенттер радиациялық фонды өлшеу, дозалық жүктемелерді нормалау және халықты халықаралық стандарттарға сәйкес қорғау әдістерін меңгеруі тиіс. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер радиациялық бақылауды жүргізе алады, сәулелену тәуекелдерін бағалай алады және радиацияның адам мен экожүйеге әсерін азайту бойынша іс-шаралар жасай алады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Химиялық талдау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • "Радиациялық қауіпсіздік негіздері" пәнінің негізгі мақсаты: Студенттерді изометрияға байланысты сұрақтарды шешуге дұрыс бағыттау; Иондардың шағылысуына бақылау жасау және нормалаудың ұстанымымен студенттерді таныстыру; Иондардың шағылысуының әсер етуіне байланысты қауіпсіздік шараларын дұрыс таңдауын қарастыру. Радиацилық қауіпсіздіктің мақсаты адам баласын, қоршаған орта объектілері мен популяцияларды иондаушы радиацияның зиянды ықпалынан қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті ғылыми түрде дәйектелген шараларды іс жүзіне асыру. Бұл шараларды тіршілігіміздің әр-қилы саласында қолданылып жатқан иондаушы сәулелендіру көздері мен атомдық энергиясы пайдалануда қауіпсіз жағдай туғызуға бағытталған.
Міндет
  • Пәнді оқытудағы негізгі мақсат, дозиметрия мен радиобиологияның, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен радиоактивтік заттар мен иондаушы сәулелер көзін пайдаланатын өндірістерде дозиметриялық бақылау мен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ҚР Конституциясының негізгі ережелерін, жағдайларын, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында заңдылық және нормативтік-техникалық акттерін білу, меңгеру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Радиациялық жағдайдың қауіпсіздігі мен залалсыздығы жағынан талдау жасай алу, қолайсыз жағдай тулыруының алдын алу мен болдырмау үшін шешімдер қабылдай алу, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау шараларын ұйымдастыру Радиациялық қауіпсіздікке қатысты нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттарды әзірлей алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз етуге қатысты нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттарды орындау. Радиациялық қауіпті нысаннан қорғауға байланысты әлеуметтік-экологиялық мәселелер туралы түсініктері болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз ету саласында өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби атқару және радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз ету саласында әдістемелер мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз ету кезінде қолданылатын сызбалар, құралдар, аппараттар және жүйелерді әзірлеу және жобалау әдістемесіндегі білімді, біліктілікті жетілдіру.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Ядроның бөлінуі
  • Радиоактивті ыдыраудың заңдары
  • Ядролық реакциялар
  • Иондаушы сәулеленулер, олардың түрлері мен сипаттамалары
  • ионданушы сәулелер мен заттың өзара әсрекеті
  • Ионданушы сәулеленудің нормалары
  • Дозиметрия әдістері мен детекторлардың түрлері
  • Ядролық қондырғылардың топтастырылуы
  • Ядролық энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Иондаушы сәулелену көздерімен жұмысты орындауды ұйымдастыру
  • Ионданушы сәулеленуден қорғану
  • Қоршаған ортаға атом өнеркәсібінің әсері
Негізгі әдебиет
  • 1. Закон Республики Казахстан "О гражданской защите" от 11 апреля 2014 года № 188-V 3PK. 2. Закон Республики Казахстан "О радиационной безопасности населения" от 23 апреля 1998 года № 219. 3. Машкович В.П. Панченко А.М. Основы радиационной безопасности: Учебное пособие для вузов. – М.: Энергоатомиздат, 1990 – 176 с. 4. Гигиенические нормативы «Санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности» ПП РК № 201 от 03.02.2012 г. 5. Санитарные правила «Санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности» ПП РК № 202 от 03.02.2012 г. 6. Санитарные правила «Санитарно-эпидемиологические требования к радиационно-опасным объектам» ПП РК № 308 от 11.03.2012 г.
Қосымша әдебиеттер
  • 7. Правила обеспечения промышленной безопасности при обращении с источниками ионизирующего излучения, утвержденные приказом и.о. министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 301 8. 16 Экологический кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 года № 212, глава 44, ст 307. 9. Правила транспортировки радиоактивных веществ и радиоактивных отходов от 22 февраля 2016 года № 75. 10. Классификатор отходов от 31 мая 2007 года N 169-п.