Білім беру кредиттер жүйесін енгізу және дамыту абитуриенттер үшін білім алуды жеңілдету әдістерінің бірі болып табылады.

Білім беру кредиттері ҚР «Қаржы орталығы»АҚ кепілдігімен беріледі. Кредиттерді тікелей ҚР екінші деңгейдегі банктер береді.

Қарыз алушылар үшін артықшылықтар:
1. Кредит талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкердің/студенттің өзіне жүктеледі.
2. Барлық білім алу деңгейлеріне (бакалавриат, магистратура, докторантура, техникалық және кәсіптік білім) беріледі.
3. Білім алудың барлық түрлеріне: күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқу және т.с.с. беріледі.
4. Пайыздық мөлшерлеме нарықтық мөлшерлемеден айтарлықтай төмен.
5. Кредит мерзімі ұзақ.
6. Кредит сомасын өтеу мерзімі студенттің оқу кезеңіне және ол оқу бітіргеннен кейін 6/12 айға ұзартылады.
7. Кепілзатсыз.
8. Кредиттің сомасы шектеусіз, бастысы, оқудың құнынан аспауы тиіс.
9. Несие сомасы білім алушының қажеттілігіне қарай әр семестр/жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады.
10. Кредит әріптес-банктермен беріледі, оны Қазақстанның барлық ірі қалаларында рәсімдеуге болады.

Қарыз алушы үшін құжаттар:
1. Жеке куәлік.
2. Тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат.
3. Талапкерлер үшін ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі) немесе соңғы сессияны тапсыру нәтижелері.
4. Білім алуға шарт не оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты.
5. Қарыз алушы 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар.

Қосымша ақпарат үшін 8 800-080-28-28 телефоны арқылы хабарласыңыз немесе www.fincenter.kz сайтына жүгініңіз.