2025 жылғы 26 мамырда «Аймақтық мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық институттар арасындағы жүйелі өзара әрекеттестікті іздеу» атты аймақтық дөңгелек үстел өтті. Бұл кездесудің бастамашысы – университетіміздің ректоры Сауле Жадыгерқызы Рахметуллина, ал ұйымдастырушы – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жанна Сәкенқызы Аубакирова басқаратын «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Президент елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудің ең тиімді жолы ретінде бірлескен әлеуметтік әрекеттің өзектілігін атап өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – аймақтық мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық институттар арасындағы жүйелі өзара әрекеттестікті табу. Осы мақсат аясында қатысушылар құрамына атқарушы билік өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мен аймақтық университеттердің ғылыми орталықтарының өкілдері енді.

Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, көтерілген мәселелерге қатысты өз көзқарастарымен бөліскендер қатарында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшелері – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы қоғамдық қорының президенті Гүлмира Тоқшалыққызы Ілеуова мен қоғам қайраткері, саясаттанушы Данияр Рахманұлы Әшімбаев болды.

Дөңгелек үстелде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Валентина Валерьевна Миронова, саяси ғылымдар докторы, МАИН академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы ҚХА кафедрасының меңгерушісі, «Шаңырақ» ҚХА кафедралары қауымдастығының төрайымы Наталья Павловна Калашникова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО филиалының директоры Жанар Қалиқанқызы Бұқанова мазмұнды баяндамалар жасады.

Дөңгелек үстел барысында университеттер мен ғылыми орталықтардың ғылыми-талдамалық әлеуетіне, оның ішінде Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мен «DSR» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының үлгісіне ерекше назар аударылды.

Пікірталасқа ғылыми қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері белсенді қатысты. ҚХА кафедралары мен Мемлекеттік басқару академиясының аймақтық филиалдары тәрізді білім беру алаңдарының жүйелі өзара іс-қимылды ұйымдастырудағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.

Дәл осы идеяға негізделген «ASHYQТYQ, YNTYMAQТASTYQ, KOLLABORATIVTIK» үлгісін Ж.К.Бұқанова ұсынды.

Кездесу соңында дөңгелек үстелге қатысушылар ұсынылған идеялардың тәжірибелік маңыздылығын және оларды жедел сынақтан өткізіп, жинақталған тәжірибені республикалық деңгейде ұсыну қажеттігін атап өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары кездесуге белсенді қатысқан сарапшыларға шынайы алғыстарын білдіреді.]

  Барлық фотосуреттер