Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: Іске асыру мерзімі 27 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы

Жоба жетекшісі - Варавин Евгений Владимирович, Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің доцентi, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Идентификаторлар: (Scopus Author ID: 56658397100 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56658671400; Web of Science Researcher ID: AAQ-9412-2020 https://publons.com/researcher/3709029/yevgeniy-varavin/; ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-7257-9213).

 

Жобаның зерттеу тобы

ТАӘ Жоба бойынша лауазымы Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері
1. Козлова Марина Васильевна, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жетекші ғылыми қызметкер https://www.mendeley.com/authors/56658397100/,
https://orcid.org/0000-0002-3381-4997,
Scopus Author ID: 56658397100
2. Суйеубаева Салтанат Нурболсынқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аға ғылыми қызметкер https://www.mendeley.com/authors/57160209000/,
https://orcid.org/0000-0002-0290-6290,
Scopus Author ID: 57160209000
3. Пестунова Галина Борисовна, экономика ғылымдарының кандидаты Аға ғылыми қызметкер https://www.mendeley.com/profiles/galina-pestunova2/publications/,
https://orcid.org/0000-0001-8772-536X,
Scopus Author ID: 57191197909
4. Бетимбаева Индира Бактиярқызы, магистр педагогикалық ғылымдар магистрі Ғылыми қызметкер  
5. Куур Ольга Вячеславовна, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Аға ғылыми қызметкер  
6. Ниғманов Ильдар Құмарұлы Кіші ғылыми қызметкер  

 

Жобаның аңдатпасы

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдырудың нарықтық және институционалдық факторлары мен мүмкіндіктерін зерделеудің ESG-инвестициялар және жасыл қаржыландырудың дамуының шетел тәжірибесін зерттеу негізінде Қазақстанда экологиялық жауапты инвестицияларды қаржылық қолдаудың тиімді экожүйесін қалыптастыру бойынша ғылыми негізделген тәжірибелік ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады.

Бұл зерттеу тұрақты даму мақсатында экожобаларды қаржыландыру үшін қаржы ресурстарын жеткіліксіз тарту мәселесін шешуге жәрдемдесуге арналған. Жасыл қаржыландыру реттеудің әр түрлі бағыттарының элементтерін және түрлі мақсатты аудиториялар мүдделерінің өкілдіктерін біріктіретін болғандықтан, ол дамудың бірыңғай тәсілдерін, өлшемдерін, ережелерін, сондай-ақ, үдерістердің тиімділігін өлшеу, оларды ынталандыру мен қолдау құралдарын әзірлеуді және таратуды қамтамасыз ететін жалпы әдіснамалық сүйемелдеуді қажет етеді.

Ұсынымдардың негізіне ESG-инвестициялар және жасыл қаржыландыру тұжырымдамасын іске асырудың халықаралық тәжірибесін зерделеу, әлемдік қаржы жүйесіндегі «жасыл» қаржының негізгі сегменттерінің жұмыс істеуін зерттеу нәтижелері алынатын болады.

Әлемдік жаһандық және өңіраралық қаржы жүйесінде жасыл қаржыландыру экожүйесінің жұмыс істеу мәселелері, Қазақстанда экожобаларды іске асыру тәжірибесі, «жасыл» қаржыландыруды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бағыттары зерттелетін болады.

Жүргізілген зерттеу нәтижелерін кешенді пайдалану жалпы қаржы нарығын және «жасыл» қаржыландыру жүйесін дамытуға серпін береді, атап айтқанда, экономикалық өсудің драйвері болады. Зерттеу нәтижелерін мемлекеттік органдар мен жеке бизнес-құрылымдар талап етеді. Перспективада екі есе пайда алу болжанып отыр – экожобаларды іске асыру үшін қаржы ресурстарын шоғырландыру мүмкіндіктерін кеңейту және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру және «көгалдандыру».

Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары, Қазақстанда «жасыл» қаржыландыру жүйесін дамытудың ұзақ мерзімді, орташа мерзімді және ағымдағы міндеттерін шешу үшінбилік пен басқарудың мемлекеттік институттері; «жасыл» экономиканы дамытудың мақсаттары үшін қаржы саясатын жүзеге асыру мен қалыптастырудың оңтайлы жолдарын таңдауда министерстволар мен ведомстволар;«жасыл» аймақтық және республикалық мақсатты инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру мен жүзеге асыру кезінде және де нақты экожобаларды таңдап жүзеге асыру кезінде жергілікті билік органдарының сәйкес бөлімшелерінің жетекшілері болуы мүмкін.

 

Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:

Жыл

Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.

Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

2020 жыл

Тұрақты даму мақсаттарындағы «жасыл қаржыларды» жұмылдырудың мүмкіндіктерін негіздеуді және қоршаған орта факторларын, әлеуметтік факторларды және корпоративтік басқару факторларының бірлігін ескеретін ESG-инвестициялар мен экологиялық жауапты инвестициялардың мәнін анықтау.

Жариялау:

Козлова М.В., Варавин Е.В., Пестунова Г.Б. Ответственное инвестирование как условие развития «зеленой» экономики // Материалы XII научно-практической конференции с международным участием Устойчивое развитие цифровой экономики, промышленности и инновационных систем (ЭКОПРОМ – 2020), 19-21 ноября 2020г. – С-Пб.: Санкт-Петербургский политехнический университет Петра Великого. – С. 374-377. – URL: https://labec.spbstu.ru/userfiles/files/ecoprom-20/ecoprom-2020.pdf.

2021 жыл

Друкер оқуларының отыз үшінші оқуларына қатысу "экономикалық жүйелерді басқару: институционалдық сүзгілер мен кедергілер" (5 сәуір 2021 ж., РҒА басқару мәселелері институты) https://www.ipu.ru/node/61004.

2022 жыл