Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы-ректоры

Жалпы мәліметтер, білімі

  • 1991 жыл - Ленин комсомолы атындағы Новосибирск мемлекеттік университеті.
  • 2004-2007 жылдары - 051306 «Технологиялық процестерді және өндірісті автоматтандыру және басқару» мамандығының аспиранты
  • 2018-2021 жылдары - «Жоғары білім берудегі менеджмент» МВА, Томск политехникалық университеті

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

  • Техника ғылымдарының кандидаты
  • Қауымдастырылған профессор

Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар

  • «2014 жылдың Үздік мұғалімі» 2015 ж
  • «Халық алғысы» медалі 2020 ж.

Еңбек өтілі:

  • 1991-1995 жылдары - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, инженер-бағдарламашы, стажер-оқытушы, оқытушы.
  • 1995-2004 жылдары - Шығыс гуманитарлық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, информатика және математика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі.
  • 2004 жыл - Шығыс гуманитарлық институты, оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі.
  • 2004-2007 жылдары - 051306 «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша аспирантура.
  • 2007-2012 жылдары - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ аға оқытушы, ақпараттық жүйелер кафедрасы меңгерушісінің орынбасары.
  • 2012-2015 жылдары - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі.
  • 2015-2016 жылдары - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ақпараттық жүйелер және компьютерлік модельдеу кафедрасының доценті.
  • 2016 жыл - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ситуациялық-талдау орталығының басшысы.
  • 2016-2017 жылдары - Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, даму стратегиясы және мониторинг департаментінің директоры.
  • 2017-2019 жылдары Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.
  • 2019-2020 жылдары - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бірінші проректоры.
  • 2020-2022 жылдары «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ бірінші проректорының м.а.
  • 2022 жыл - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – даму стратегиясы бойынша проректор.
  • 2022 жыл - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректоры.

 


Анисимов Алексей Сергеевич

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Цифрландыру және ақпараттандыру департаментінің директоры

Жалпы мәліметтер, білімі

  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, «Өнеркәсіптік энергетика» мамандығын бітірген (2013).
  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, «Өнеркәсіптік энергетика» мамандығы бойынша техника және технология магистрі (2019 ж.).
  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті. (2020 жылдан бастап – «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ), «Техникалық физика» мамандығы бойынша докторантура ( 2019 жылдан).

Еңбек өтілі:

  • Өскемен қаласы, AES Corporation бу турбинасының машинисі IV-V тобы (2014-2015).
  • Өскемен қаласы, AES Corporation өндірістік көрсеткіштер бойынша талдаушы (KPI) (2015-2017)
  • Өскемен қ. «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ Бренд менеджері
  • (2017-2019 ж.)
  • Өскемен қ. «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ маркетологы
  • (2019-2020 ж.)
  • Өскемен қ, «Қазпочта» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының маркетинг, жарнама және PR жөніндегі орынбасары (2020-2021)
  • Алматы қаласының EMS Kazakhstan «Қазпочта» АҚ директоры, (2021 ж. наурыздан бастап)