Жерге орналастыру

5B090300 - Жерге орналастыру Скачать жүктеу

Оқыту күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша жүргізіледі, мемлекеттік және орыс тілінде.

«Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау екі траектория бойынша жүргізіледі: «Агробизнесжоспарлау» және «Жерге орналастыру жұмыстары өндірісінің замануи технологиялары».

Жерге орналастыру - бұл жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі.

«Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау екі траектория бойынша жүргізіледі: «Агробизнесжоспарлау» және «Жерге орналастыру жұмыстары өндірісінің замануи технологиялары».

Жерге орналастыру бакалавры ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Комитет, оның кәсіпорындары, ұйымдары, жер қатынастары басқармалары мен бөлімдерінде маман, жерге орналастыру жобалаушысы және іздестірушісі, геодезисі ретінде жұмыс істей алады.

Кәсіптік іс-әрекеттің объектілері: республиканың жер ресурстарының барлық санаттары; меншік нысанына және жер учаскелердің нысаналы мақсатына, санаттар бойынша реттелуіне қарамастан қалалардың, кенттердің, ауылдық елді-мекендердің шекарасында орналасқан барлық жер пайдаланулардың түрлері болып табылады.

Кәсіптік іс-әрекеттің заты болып келесілер табылады: жерлердің геодезиялық және топографиялық түсірістері; жерлердің фотограмметриялық жұмыстары мен картографиялау, соның ішінде геоақпараттық және сандық технологияларды қолдану; жерге орналастырудың барлық түрлерін жүргізу және жобалау; жер ресурстарын басқару; жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

Түлектердің жұмысқа орналаса алатын орындары: ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Комитеті, Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы қорғалуын бақылау басқармасы, жер қатынастар басқармалары мен бөлімшелері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - «Жер кадастры ғылыми - өндірістік орталығы» департаменті, сәулет және құрылыс басқармалары, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензиялары бар жеке меншік кәсіпорындар.

Емтихан келесі пәндер бойынша тапсырылады: қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы, математика, география.

Магистратура - ғылыми-педагогикалық кадрларды және мамандық бойынша мамандарды тереңдетіп дайындау формасы. 5В090300 - Жерге орналастыру бакалавры 6М090300 - Жерге орналастыру мамандығы бойынша магистратурада оқуды жалғастыра алады.

Жерге орналастырудың ары қарай дамуының бағыты - бұл тиімділіктің, нақтылылықтың жоғарлауы және жобалық жерге орналастыру жұмыстарының автоматтандырылуы.

«Жерге орналастыру» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның негізгі талаптары:

Салалы дайындық кезінде:

  • кәсіпорындар, ұйымдар мен мемлекеттік басқару органдарына тиісті жұмыс салаларына түрлі деңгейдегі жетекшілерді дайындау;

ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде:

  • білім беру ұйымдарындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша тиісті ғылыми пәндерден сабақ беру үшін мамандарды дайындау;
  • ғылыми - ізденіс ұйымдарында жұмыс істеу үшін мамандарды дайындау.

Магистратура оқу бағдарламасының ұзақтылығы:

  • ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде 2 жылды құрайды;
  • салалы дайындық кезінде 1,5 жылды құрайды.

Магистратураның білім беру бағдарламасын бітірген түлекке «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы саласының магистрлік академиялық дәрежесі қосылған мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Магистратура түлектері кәсіби қызметтердің келесі түрлерін орындай алады:

  • жобалық, өндiрiстiк - технологиялық, ұйымдастыру - басқару;
  • ғылыми ізденіс, педагогикалық.

Оқудың тәжірибелік курсын магистранттар кафедраның филиалдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - «Жер кадастры ғылыми - өндірістік орталығы» департаменті, «Алтай Геосервис» ЖШС өтеді.

2015 жылдың желтоқсан айында 5В090300 - Жерге орналастыру, 6М090300 - Жерге орналастыру мамандықтары Мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті.