(Білім беру бағдарламасын ашу 2025–2026 оқу жылына жоспарлануда)

Бағдарламаның өзектілігі: Докторантура бағдарламасы жасыл химия, химиялық экология және тұрақты технологиялық даму салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізе алатын жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған. Климаттың жаһандық өзгерісі мен экологиялық сын-қатерлер аясында экологиялық қауіпсіз және қалдықсыз химиялық өндірісті дамыту, экологиялық дизайн мен экологиялық ізді бағалаудағы инновациялық тәсілдер аса өзекті болып отыр.

Оқыту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Жасыл химия мен тұрақты даму саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыра алатын ғылыми кадрларды даярлау;
  • Қоршаған ортаға әсері төмен жаңа тұрақты химиялық процестер мен материалдарды, технологияларды әзірлеу;
  • Докторанттарда экологиялық химия мен табиғатты ұтымды пайдалану стратегиялары бойынша жүйелі ғылыми ойлауды қалыптастыру;
  • Халықаралық деңгейде ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарды дамыту.

Ғылыми-зерттеу бағыттары:

  • Химиялық өндірістің экологиялық ізін бағалау және төмендету;
  • Тұрақты химиялық процестерді цифрлық модельдеу және оңтайландыру;
  • Химиялық-экологиялық мониторинг және токсикологиялық талдау;
  • Өнеркәсіпке экодизайн және тұрақты даму стратегияларын енгізу.

Зерттеу инфрақұрылымы:

  • «Тұрақты дамудың өңірлік мәселелерін зерттеу» секторы;
  • Көміртекті орталық;
  • «VERITAS» шеберлік орталығы.

Әріптес университеттер мен ғылыми ұйымдар:

  • Ұлттық зерттеу Томск мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы);
  • Вильнюс университеті (Литва).

Ақпараттық және бағдарламалық ресурстар:

  • Ғылыми дерекқорлар: Scopus, Web of Science, ScienceDirect.

Жетекші оқытушылар мен ғылыми кеңесшілер:

  • Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың жасыл химия және тұрақты даму саласындағы жетекші оқытушылары;
  • Ұлттық зерттеу Томск мемлекеттік университетінің (РФ) профессорлары;
  • Латвия университетінің (Рига, Латвия) ғылыми жетекшілері.

Бағдарламаның түлектері жұмыс істей алады:

  • ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерде;
  • халықаралық экологиялық ұйымдар мен консорциумдарда;
  • жоғары оқу орындарында оқытушылық және ғылыми лауазымдарда;
  • сараптамалық-талдамалық орталықтар мен экологиялық консалтингтік ұйымдарда;
  • экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму саласындағы мемлекеттік және халықаралық басқару органдарында.
Соңғы өзгерістер күні:
29.04.2025