8D07204 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау

  Мәтінді оқу  
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі D121

2024 жылдан бастап ББ 8D07201 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау бейіні бойынша докторларды дайындау жүргізілуде.

Оқуға түсу кезінде шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың және ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификаттың (ҚАЗТЕСТ) болуы міндетті. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша емтиханға магистратураның кәсіптік оқу бағдарламасының базалық және бейіндік пәндер циклінің міндетті компонентінің пәндері кіреді: "Қазақстанның пайдалы қазбалар кен орындары", "Кен орындарын іздеу және болжау әдістемесі", "Геотектоника", "Кен объектілерін модельдеу".

Жер беті мен жер қойнауын зерттеу әдістері, технологиялары мен құралдарының ғылыми негіздерін әзірлеу саласында жас ғылыми кадрларды даярлау жүргізілуде. Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеуді және барлауды жетілдіру үшін, танымдық, тәжірибелік, эксперименталды іс-әрекеттің дағдылары мен іскерліктерін меңгерген БББ түлектері еліміздің жақын және алыс шетелдердің еңбек нарығында аса сұранысқа ие.

Қалыптасатын негізгі құзыреттер:

  1. Көптеген өзара факторлармен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін жаңа контекстерде еңбек және оқу қызметіндегі жаңартпашылық пен тәуелсіздікті көрсету
  2. Жаңа идеяларды немесе процестерді дайындауға тұрақты қызығушылық қабілеті және ғылыми таным процестерін түсінудің жоғары деңгейін көрсету
  3. Ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және техникалық міндеттерді шешу бойынша зерттеу ұжымының жұмысына қатысуға дайындық
  4. Көшбасшы болу, жалпы қабылданған әлеуметтік нормалар мен критерийлерді басшылыққа алу қабілеті болу
  5. Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау саласында жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау мен синтездеу, стратегиялық шешімдерді қабылдау

Ынтымақтастық келісім шарттарына сәйкес дайындау әлемнің әйгілі университетінің бас ғалымдарының көмегімен өткізіледі:

  • Табиғи тарих мұражайы, Лондон қ, Великобритания;
  • СБ РҒА Геология және минералогия институты, Новосибирск қаласы, Ресей;
  • Мичиган технологиялық университеті, АҚШ;
  • Томск мемлекеттік политехникалық университеті, Томск қаласы, Ресей.
  • Вроцлав университеті, Вроцлав қаласы, Польша;
  • Масарик университеті, Брно қаласы, Чехия.

Докторанттарды өндірістік қызметке дайындау тау-кен металлургия өндірісі саласындағы жетекші кәсіпорындарда жүргізіледі:

  • "Қазақмыс корпорациясы" АҚ;
  • "Казцинк" ЖШС;
  • "Полиметалл" АҚ;
  • "Топаз" МК ЖШС;
  • "ГЕОС" ЖШС;
  • " Geo.KZ" ЖШС және т. б.