7M06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамассыз ету

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Қазақстан Республикасының цифрлық экожүйесін дамыту үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау мен әзірлеудің заманауи құралдарын, әдіснамалары мен технологияларын қолдана отырып, кәсіби қызметтің инновациялық міндеттерін шешуге қабілетті, отандық және әлемдік IT-нарықтар саласында теориялық, практикалық және ғылыми білімі бар есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы магистрлерді даярлау.

Түлектердің қызметтік аймақтары:
  • жоғары жүктелген  real-time қосымшаларды әзірлеу;
  • үлкен деректерді өңдеудің және сақтаудың жүйелерін әзірлеу;
  • ақпараттық инфрақұрылым мен АТ қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • желілерді, жүйелерді және серверлерді басқару;
  • АТ инфрақұрылымын жобалау;
  • бұлттық технологияларға негізделген шешімдерді әзірлеу;
  • оқытушылық және ғылыми қызмет, жобаларды басқару, сондай-ақ біліктілікке сәйкес келетін басқа лауазымдар.
Оқыту бағыттары:
  • ғылыми және педагогикалық бағыт: техникалық ғылымдар магистрі – 2 жыл.
Бейіндік пәндер:
  • Алгоритмдер және деректер құрылымы;
  • Деректер базасы.
Магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметі:

Магистранттар ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен магистранттардың республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына, сондай-ақ әртүрлі ғылыми және зерттеу жобалары мен оқыту курстарына белсенді қатысады.

Бағдарламалық өнімдерге авторлық куәліктер:

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша авторлық куәліктері бар.

Қос дипломды білім беру бағдарламасы:

Қос дипломды білім беру бағдарламасы «МИФИ «Ұлттық ядролық зерттеу университетімен» бірлесіп жұмыс істейді.

Соңғы өзгерістер күні:
08.04.2025