7М07202 – «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша магистрлердің кәсіби қызмет саласы тау-кен металлургия кешендерінің байыту фабрикаларында орта басшы буын лауазымында; салалық ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдарда, зауыттық зертханаларда; біліктілік талаптарына сәйкес жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында оқытушы лауазымында жұмыс істей алады.
«Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша магистратура түлектерінің кәсіби қызметі:
- еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын бақылау;
- кіші орындаушылар ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру;
- жедел бастапқы өндірістік бөлімшелердің жоспарларын әзірлеу;
- техникалық құжаттаманы жүргізу;
- эксперименттік қызмет бойынша есептер, шолулар мен жарияланымдар дайындау;
- ғылыми-техникалық ақпаратты зерттеу;
- стандартты автоматтандырылған жобалар мен зерттеулер негізінде процестер мен объектілерді математикалық модельдеу және т.б.;
- магистратура түлектері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес қызмет атқара алады.
Магистратурада оқу мақсаты:
- Бітірушіні тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарындағы өндірістік қызметке, минералды шикізатты өңдеу технологиясы саласындағы ғылыми және педагогикалық қызметке дайындау, кәсіптік қызмет негізінде жатқан терең білімі бар.
- Бітірушіні ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау, пайдалы қазбаларды байытуда инновациялық технологияларды құру саласында ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін қолдануға дайын, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдауға және ұсынуға қабілетті, ғылыми зерттеулерді пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар белгілеу.
- Бітірушіні ұйымдастыру-басқару қызметіне дайындау, қызметкерлермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін меңгерген, қызметкерлер тобын басқара алатын, басқару ұйымының қолданыстағы нысандарын талдай алатын, басқару процестерін моделдейтін, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейтін және негіздейтін.
- Бітірушіні жобалау-конструкторлық қызметке дайындау, технологиялық әзірлемелердің нұсқаларын талдау әдістерін қолдануға дайын, техникалық тапсырмаларды қалыптастыра алатын оңтайлы жобалық шешімдердің критерийлерін таңдау, байыту өндірісінің процестерін жобалау кезінде автоматтандыру құралдарын пайдалану.
- Өз бетінше өзін-өзі дамытуға дайын, пәнаралық және халықаралық ортада жұмыс істеу үшін коммуникативтік қабілеттерді меңгерген, ақпараттық технологиялардың көмегімен жаңа білім мен іскерлікті алуға және оларды практикалық қызметте пайдалануға қабілетті, еңбек нарығының өзгермелі жағдайында жеке және кәсіби жетілдіру жобаларын әзірлеуге және іске асыруға дайын түлекті даярлау.