Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ халықаралық серіктестік стратегиясының мақсаты Университтердің Еуразиялық, Европалық Халықаралық Қауымдастығындағы толық құқылы және белсенді мүшелілік міндетін шешу құралының бірі болып табылатын халықаралық білім беру кеңістігінде танылған университетті, университет-форумды қалыптастыру болып табылады.

Біздің университет Еуразиялық университеттер қауымдастығының ағымдағы жылдың сәуір айында құрылған Еуразиялық желілік университетіне енді. Желілік университетке кіру қашықтан оқыту мен академиялық жұмылдырудың заманауи мүмкіншіліктерін біріктіре отырып, жалпы Еуразиялық алаңда бакалаврлар мен магистранттарды дайындауға мүмкіндік береді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Еуропалық университеттер қауымдастығының мүшелеріне қойылған талаптарға сай растау алып, қазіргі уақытта барлық формальды келісулер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Біздің университет – Университеттердің Халықаралық Қауымдастығына кірді.

Бүгінгі таңда, қауымдастық құрамына 634 мүше енгізілген, олар: Еуропа, Латын Америка, Солтүстік Америка, Африка, Таяу және Орта Шығыс пен Азия-Тынық мұхит аймағының университеттері.

Аталған қауымдастықпен мүшелік ету басқа ЖОО-ның серіктестерімен және басқа да білім беру ұйымдарымен білім, тәжірибе алмасу арқылы халықаралық білім беру кеңістігіндегі ықпалдастастық жолында жаңа мүмкіншіліктер ашады.

Қауымдастық - басылым, зерттеу, талқылау, ақпараттық қызмет, жиналыстар мен конференциялар арқылы сыртқы серіктестерге, оның ішінде, біздің университетке қауымдастық мүшелерінің қызығушылығын ұсынатын болады. Ол университтердің рөлі мен қоғамдағы олардың міндеттерін ұзақ мерзімді дамытуға ықпал етіп, қолдау көрсетеді. Қауымдастық зерттеу, талқылау мен талдау жолдары арқылы саясаттағы болып жатқан ағымдағы үрдістер мен өзгертулерді жақсы түсінуге ықпал етіп, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк сияқты жоғары білім беру саясатына қатысты халықаралық органдардың мәселелерін талқылайды. Қауымдастық бүкіл әлемдегі институттар мен біліктілігі, жоғары оқу орындарының жүйесі туралы жалпыға ортақ және беделді ақпаратты таратады.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-і Университтер Қауымдастығына белсенді қатысуы бұл халықаралық деңгейде танылған Университетке жақындауға тағы бір қадам.