Білім беру технологияларын дамыту және сапасын бағалау орталығы (ББТДжСБО) Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталық Стратегиялық даму және мониторинг департаментінің құрамына кіреді.
Орталық қызметінің басты мақсаты – ЖОО қызметінің ішкі сапасын бақылау бойынша мониторинг жасау, университет ұлттық және халықаралық ТОП рейтингісіне кіру әрекетін жоспарлау және үйлестіру, ОП халықаралық аккредиттен өткізу, үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- Университеттің ұлттық және халықаралық ТОП рейтингісіне кіру әрекетін жоспарлау және талдау;
- Ұлттық және халықаралық рейтингтерге ЖОО қатысуы бойынша ұйымдастыру жұмыстары;
- ЖОО-ның ұйымдастыру, ақпараттық, әдістемелік сүйемелдеу аккредитациясы және жеке білім беру бағдарламалары;
- Аккредитация сұрақтары бойынша кафедра мен құрылымдық бөлімшелерді ұйымдастыру және оларға кеңес беру;
- Аккредитация мен рейтинг бойынша халықаралық және қазақстандық агенттіктерімен байланыс орнату;
- Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дегі тілдік даярлық сапасының мониторингі;
- «Үштілділік-табыс формуласы!» жобасын жүзеге асыруды үйлестіру.