Вакуумдық техника және жұқа қабықшалар алу бөлімшесі
«Gatan, Inc» (АҚШ) компаниясы шығарған PIPS 691 жоғары дәлдікті ионды жылтырату жүйесі.
Сәулесін түсіру электронды микроскопия әдісімен зерттеу үшін жұқа қабықшаларды дайындау. Иондық сәуленің модуляциясымен диаметрі 3 мм үлгілерді (және үлгілердің көлденең қимасын) бір және екі жақты ионды жылтырату. |
ВУП-5 әмбебап вакуумдық посты
Түрлі материалдардан жасалған жұқа қабықшаларды термиялық тозаңдату әдісімен тозаңдату, электронды микроскопия әдісімен зерттеу үшін үлгілерді дайындау. |
«Арғымақ» қондырғысы
Түрлі материалдардан жасалған жұқа қабықшаларды магнетронды тозаңдату әдісімен тозаңдату, электронды микроскопия әдісімен зерттеу үшін үлгілерді дайындау. |
Термоөңдеу бөлімшесі
«Умега» АҚ (Литва) өндірген SNOL 6,7/1300 жоғары температуралы зертханалық электр пеші
Ауа ортасында 50°С-ден 1300°С дейінгі температурада материалдар мен бұйымдардың кең класын термоөңдеу. |
«ЗапСибОгнеупор» ЖШҚ (Ресей) өндірген СНО 1,5×1,5×5,0/12-5/38 шахта пеші
Ауа ортасында 50°С-ден 1200°с дейінгі температурада материалдар мен бұйымдардың кең класын термоөңдеу |
«Смоленск СКТБ СПУ» ААҚ (Ресей) өндірген ШС-80-01-СПУ кептіру шкафы
Сынамалар мен материалдарды кептіру. |
Физикалық-химиялық сынама дайындау бөлімшесі
«Struers» (Дания) компаниясы өндірген TenuPol-5 сәулесін түсіру электронды микроскопиясына арналған үлгілерді автоматты электролиттік жіңішкелеуге арналған құрылғы
Сәулесін түсіру электронды микроскопия әдісімен зерттеу үшін металдар мен қорытпалардан жасалған жұқа қақтамаларды дайындау. Жіңішкелеу процесінің электрлік параметрлерін оңтайландыру үшін сканерлеу функциясын қолданумен, диаметрі 3 және 2,3 мм үлгілерді алдын-ала жіңішкелеу, электролиттік кесу және соңғы жіңішкелеу. |
«Abbota Corporation» (АҚШ) компаниясы өндірген REV-1035 роторлы буландырғыш
Органикалық заттарды тазарту |
«ПСБ-Галс» ЖАҚ (Ресей) өндірген ПСБ – 1335-05 ультрадыбыстық ваннасы
Үлгілерді тазарту, тұрақты эмульсияларды алу, қатты және сұйық бөлшектерді ыдырату. |
«Elmi Ltd» (Латвия) өндірген СМ-6М зертханалық центрифуга
Тұнбаны ерітіндіден бөлу. |
«Зертханалық жабдықтар мен аспаптар» ЖАҚ (Ресей) өндірген ЛАБ-ПУ-01 араластыру құрылғысы
Сұйықтықтарды бір мезгілде көлемі 50-ден 2000 мл-ге дейінгі бірнеше ыдыста араластыру. |
«Химлаборприбор» ААҚ (Ресей) өндірген БС бидистилляторы
Суды екі қайтара тазартумен алу. |
«Тюмень медициналық жабдықтар мен аспаптар зауыты» ААҚ (Ресей) өндірген ВК-75-01 бу стерилизаторы
Зертханалық ыдыстар мен құралдарды бумен стерильдеу. |
Майда ұнтақтау бөлімшесі
«Maruta» (Жапония) компаниясы өндірген МС-120 минералогиялық кесуші білдегі
Минералогиялық үлгілерді кесу. |
«BИБРОТЕХНИК» ЖШҚ (Ресей) өндірген ЩД 6 жақты ұсатқышы
Бастапқы өлшемі 50 мм – ден аспайтын беріктігі мен қаттылығы әртүрлі сынғыш сусымалы материалдарды 1-20 мм фракцияға дейін ұсату. |
«BИБРОТЕХНИК» ЖШҚ (Ресей) ДВГ 200×125 білікшелі ұсатқыш
Бастапқы өлшемі 20 мм – ден аспайтын беріктігі мен қаттылығы әртүрлі сынғыш сусымалы материалдарды 0,25-12 мм фракцияға дейін ұсату. |
«Вибромаш» ЖШС (ҚР, Өскемен) өндірген СВУ-2 әмбебап дірілді стендінің базасындағы шарлы диірмені
Бастапқы өлшемі 15 мм – ден аспайтын беріктігі мен қаттылығы әртүрлі сынғыш сусымалы материалдарды 0,1-0,3 мм фракцияға дейін ұнтақтау. |
«Грант» ААҚ (Ресей) өндірген ИВ-4 дірілді ұнтақтағыш
Бастапқы өлшемі 2 мм-ден аспайтын беріктігі мен қаттылығы әртүрлі сынғыш сусымалы материалдарды 0,02 мм (20 мкм) фракцияға дейін ұнтақтау. |
Ақықты ұнтақтағыш
Сынғыш сынамаларды қолмен ұнтақтау. |
Гидравликалық кенқазық
Тау жыныстары үлгілерінің бұзылуы. |
Микросылмалар бөлімшесі
«Struers» (Дания) компаниясы өндірген Minitom дәлдігі жоғары кесуші білдегі
Растрлық электронды және оптикалық микроскопия әдістерімен зерттеу үшін металл, минералогиялық және керамикалық үлгілерді жоғары дәлдікпен кесу. |
«Struers» (Дания) компаниясы өндірген LaboForce-3 үлгілерін автоматты тегістеп ажарлауға және жылтыратуға арналған құрылғысымен LaboPol-5 ажарлау-жылтырату білдегі
Металл, минералогиялық және керамикалық үлгілерді растрлық электрондық және оптикалық микроскопия әдістерімен зерттеу үшін тегістеп ажарлау және жылтырату. |
«Struers» (Дания) компаниясы өндірген Drybox-2 үлгілерін кептіруге арналған қондырғы
Үлгілерді кептіру. |
«Struers» (Дания) компаниясы өндірген Metason-60 үлгілерін ультрадыбыстық тазалауға арналған қондырғы
Үлгілерді ультрадыбыстық тазалау. |
ЛОМО өндірген оптикалық микроскопы
Сынама дайындау процесінде микросылмаларды алдын ала зерттеу. |