Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 6B04108 - Маркетингтің инновациялық технологиялары
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Маркетинг саласындағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, креативті ойлайтын және еңбек нарығында сұранысқа ие, инновациялық маркетингтік технологиялар мен сандық және маркетингтік коммуникация құралдарын иеленетін мамандарды даярлау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- мәмілелерді ұйымдастыру және жасау;
- инновациялық технологияларды пайдалана отырып, тұтыну нарығында бренд пен компанияның өнімдерін жылжыту;
- инновациялық технологияларды пайдалана отырып маркетингтік зерттеулерді жүзеге асыру, нарықтық тауарды анықтау, маркетингтік стратегияларды әзірлеу, маркетингтік аудитті жүргізу.
Кәсіби қызмет объектісі:

Әртүрлі қауымдастықтар мен маркетинг институттары, әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың маркетингтік қызметтері, қызмет салалары, ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет,
- ақпараттық-аналитикалық,
- инновациялық,
- жобалау-зерттеу
Кәсіби қызметінің функциялары:

- бастапқы және қосымша ақпарат жинау, оны өңдеу және оны менеджерлер, сыртқы және ішкі пайдаланушылар пайдалануы үшін дайындау;
- жаңа технологияларды пайдалана отырып маркетингтік зерттеулер жүргізу:
- баламалы стратегияларды SWOT талдау және бағалауды жасау;
- бизнес-модельдерді және инновациялық маркетингтік стратегияларды әзірлеу және енгізу; - нарықта жаңа өнімді ілгерілету;
- мониторинг және маркетингтік аудит;
- жарнаманы басқару.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Ұлттық және әлемдік экономиканың дамуындағы негізгі үрдістерді анықтау қабілеті, бизнес-үрдістерді басқару дағдыларын меңгеру. Экономика, менеджмент, есеп, қаржы саласындағы ұғымдар мен санаттарға сүйену, жаhандық және аймақтық экономикалық үрдістерді талдау.
Кәсіби қызметте ұйымдастырушылық-басқарушылықты қабылдау және олар үшін жауапкершілік алу.
5. Деректерді жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру қабілеті, алынған нәтижелерді талдау және мазмұнды түсіндіру. Қаржы-экономикалық ақпараттарды өңдеу үшін құрал-саймандық құралдарды қолдану, алынған нәтижелерді негіздеу.
Математикалық әдістерді пайдаланып, статистикалық ақпараттарды жинау және өңдеу қабілетін меңгеру.
6. Әртүрлі нарықтарда, соның ішінде жаһандық компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып тауарлар мен қызметтерді жылжыту қабілеті. Салалық ерекшеліктерді ескере отырып, ұлттық және халықаралық нарықтарда тауарлар мен қызметтерді, оның ішінде инновациялық қызметтерді жылжыту дағдыларына ие болу.
Сатуды тиімді ұйымдастыру үшін ғаламдық ақпараттық желілерді қолдана білу.
7. Тиімді және табысты брендтерді, сауда маркаларын және кәсіпорынның иммиджін жасау қабілеті, тиімді сауда мәмілелерін жүргізу техникасын меңгеру. Бәсекеге қабілетті брендтер мен тауар маркаларын әзірлеу дағдысына ие болу, компанияның қолайлы имиджін жасау.
Сауда маркетингінің заманауи технологиялары мен дағдыларына ие болу.
8. Маркетингтік стратегияларды әзірлеумен айналысатын компанияның маркетингтік қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру және басқару қабілеті. Компанияның тиімді маркетингтік стратегиясын қалыптастыру мақсатында нарықты және оның коньюнктурасын талдау дағдылары мен әдістерін меңгеру.
Компанияда маркетингтік қызметті ұйымдастыру және басқару дағдыларына ие болу.
9. Компанияның маркетингтік қызметін автоматтандыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдану қабілеті. Маркетинг тұрғысынан тиімді сайттарды әзірлеу дағдыларына ие болу.
Кәсіби компьютерлік бағдарламаларды қолдану дағдыларын меңгеру.