Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M06101 - Ақпараттық жүйелер
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Магистратерлік «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты – методологиялық және технологиялық шешімдер негізінде кешенді ақпараттық жүйелерді жобалаудың, әзірлеудің және қолдаудың жүйелік принциптерін қолдану, сонымен қатар қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, үлкен көлемдегі деректермен қамтылған жүйелерде деректерді талдау және білімді табу бойынша қажетті жалпы және арнайы құзыреттілікті қалыптастыру.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- таратылатын архитектуралық ақпараттық жүйелерді жетілдіру, ақпараттық жүйенің компоненттерін конфигурациялау және түзету, жүйенің желілік инфрақұрылымын конфигурациялау және басқару.
- бұлтты қолданбалар мен қолданыстағы бұлттық қызметтерді дамыту;
- жалпы мақсаттағы программалық және деректерді өндіру әдістерінде имитациялық үлгілерді енгізу.
Ішкі және сыртқы ұлттық және халықаралық қауіптерге бағытталған корпоративтік ақпараттық қауіпсіздік саясатын әзірлеу және қалыптастыру.
- деректерді көрнекі түрде ұсынуды дамыту, үлкен деректерді өңдеу кезінде компьютерді көру программаларын әзірлеу.
Кәсіби қызмет объектісі:

- әртүрлі меншіктегі ұйымдар, өнеркәсіп және бизнес нысандары;
- жоғары оқу орындары, кәсіби білім беру ұйымдары;
- ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-зерттеу және өндірістік ұйымдар;
- мемлекеттік ұйымдар
Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу мекемелері;
- заманауи IT-компания;
- оқу орындары;
- жобалау ұйымдары;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- қаржылық ұйымдар және т.б.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау және техникалық қызмет көрсету
- үлкен деректермен жұмыс істеу
- жобалық портфельді басқару
- жүйенің сапасын басқару жүйесі
- веб-осалдылық аудиті
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы жүйелік талдау
- желілік әкімшілік және жүйелік талдаушы
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Ғылымның негізгі мәселелерін, оның функциялары мен даму заңдарын қозғау, ғылыми және әдіснамалық сәйкестікті идеологиялық бағдармен біріктіру. Философия саласындағы негізгі мәселелерді анықтап, ғылым әдіснамасының рөлін сипаттау; АТ саласындағы ағымдағы әдістемелік, методологиялық мәселелерді сипаттау.
Интернет, ғылыми және мерзімді басылымдарда зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибенің ғылыми-техникалық ақпаратын жинау, талдау және жүйелеуді ұйымдастыру.
2. Мәтіндік ақпараттарды интеллектуалды талдау үшін Text mining технологияларын және компьютерлік көру үшін деректерін терең талдау әдістерін практикалық мәселелерді шешуде қолдану қабілеттеріне, зерттеу бойынша деректерді талдау және деректерді визуалды көрсету қабілеттеріне ие болу. Мәтіндерді автоматты түрде өңдеуге арналған практикадағы мәселелерді және негізгі тәсілдемелерді сипаттау.
Үлкен деректерді өңдеуге арналған компьютерлік көру бағдарламаларын әзірлеу. Кескінді өңдеу, суреттерді тану, геометриялық модельдеу және когнитивті өңдеу.
3. Шет тілдерін кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдалану мүмкіндігі. C1-C2 халықаралық стандарттар деңгейінде шет тілін және ғылыми стильдің грамматикалық сипаттамаларын игеру; халықаралық ортада жұмыс істей білу.
4. Жүйелі талдау және оқу тұжырымдамаларын таңдау қабілеттеріне ие болу. Жоғары білім берудегі педагогика мен психология туралы базалық білімге ие болу, жоғары білімнің қазіргі парадигмасын сипаттау.
5. Заманауи ақпараттық технологиялардың методологиялық негіздерін қолдана отырып таратылған архитектурасы бар ақпараттық процестер мен жүйелерді сипаттау және әзірлеу. Ақпараттық үрдістер мен жүйелерді модельдеу технологиялары мен модельдерді сипаттау және әзірлеу.
Таратылған архитектурасы бар ақпараттық жүйелерді әзірлеу, ақпараттық жүйенің компоненттерін конфигурациялау және күйіне келтіруді жүзеге асыру, жүйенің желілік инфрақұрылымын конфигурациялау және басқару.
6. Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың заманауи әдістерін қолдану қабілеттеріне ие болу. Инновациялық жобаларды іске асыру үшін бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және қолдану.
7. "Бұлттық" қосымшаларды әзірлеу және ақпараттық қызметтерді/сервистерді әзірлеу мен қолдану бойынша процесстерді басқару қабілеттеріне ие болу. "Бұлттық" қосымшаларды әзірлеу және бар бұлттық сервистерді қолдану.
8. Заманауи орталарда және бағдарламалау тілдерінде машиналық оқыту әдістерін қолдану қабілеттеріне ие болу. Деректерді визуалды көріністерін әзірлеу, оқылған зерттеу және жобалау тұжырымдамалары үшін сәйкес программалық кітапханалар мен құралдарды қолдану.
Қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдану арқылы машиналық оқыту теориялық негіздерін сипаттау, машиналық оқыту әдістерін қолдану.
9. Желінің қауіпсіздігін жобалау, конфигурациялау, реттеу және қамтамасыз ету қабілетңне ие болу. Ішкі және сыртқы, ұлттық және халықаралық қауіптерге бағытталған ақпараттық қауіпсіздіктің тиімді корпоративтік саясатын қалыптастыру және әзірлеу .
10. Күрделі жүйелерде имитационды моделдеу әдістерін қолдану қабілеттеріне ие болу. Жалпы мақсаттағы бағдарламалық қамтамасыз етуде имитациялық модельдерді жүзеге асыру