Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M06105 - Компьютерлік жүйелер мен адамның өзара әрекеттесуінің интерфейстары
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Әдіснамалық және технологиялық шешімдер негізінде ақпараттық жүйелерді зерттеудің, әзірлеудің және қолдаудың жүйелік принциптерін қолдана алатын мамандарды даярлау, интуитивті түсінікті пайдаланушы интерфейстерін, оның ішінде виртуалды, толықтырылған және аралас шынайылық интерфейстерін әзірлеу үшін инновациялық ғылыми зерттеулер жүргізу

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Магистрлердің кәсіби қызмет саласы іс жүзінде тіршілік әрекетінің барлық салаларынан тұрады: білім беру, машина жасау, әскери өнеркәсіп, денсаулық сақтау, жылжымайтын мүлікті сату, жобалау, тікелей эфирдегі іс-шаралар, бейне ойындар, кино және сериалдар және т. б.
Кәсіби қызмет объектісі:

- ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен пайдалануды жүзеге асыратын әртүрлі меншік, индустрия және бизнес формаларындағы ұйымдар;
- жоғары білім беру ұйымдары, кәсіптік білім беру ұйымдары;
- ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік ұйымдар;
- мемлекеттік билік органдары.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу;
- жобалау-конструкторлық;
- пайдалану;
- ұйымдастыру-басқару.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- Ғылыми-зерттеу қызметі: Виртуалды (VR) және толықтырылған (AR) шынайылықтың әртүрлі интерфейстерін жобалау саласында зерттеулер жүргізу: толықтырылған шынайылық құралдарымен үшөлшемді объектілерді визуализациялау кезінде шынайылықты арттыру әдістемесі, визуализация кезінде толықтырылған шынайылық объектілерінің параметрлерін өзгерту тәсілдері, кеңістіктегі виртуалды үшөлшемді объектілерді манипуляциялау алгоритмдері.
- Жобалау-конструкторлық қызмет: толықтырылған шынайылық құралдарымен интерактивті визуализация технологиясымен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.
- Пайдалану қызметі: пайдаланушы-бағытталған жаңа интерфейстерді енгізу және тиімділігін бағалау.
- Ұйымдастыру-басқару қызметі: виртуалды және толықтырылған шынайылық құралдарымен интерактивті жүйелерді енгізу саласындағы басқару қызметі.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Құрылымдалған болжамсыз ортада АЖ-ны жобалау және басқару саласында ғылыми эксперименттер жүргізу, ғылыми зерттеулер әдістері мен құралдарын пайдалану және дамыту қабілеті Ғылыми зерттеулер жүргізу, АТ нарығының әлемдік даму тенденцияларын білу, АКТ саласындағы іс-шараларды бағалау және стратегиялық шешімдерді әзірлеу үшін аналитикалық материалдарды дайындау
Кәсіпорында дербес және ұжымдық ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және оны басқару
Бәсекеге қабілетті идеялар мен инновациялық міндеттерді қалыптастыру, оларды жүзеге асыру үшін стандартты емес әдістерді қолдану
2. Өзінің кәсіби қызметі саласында ұжымды басқару қабілеті Жоғары мектептегі педагогика және психология бойынша базалық білімді меңгеру, жоғары білімнің қазіргі парадигмасын сипаттау
3. Әртүрлі қосымшаларды жобалау үшін цифрлық дизайн білімін пайдалану қабілеті Үшөлшемді модельдеу үшін компьютерлік графиканың математикалық әдістері білімін қолдану
4. Адам-машиналық өзара әрекеттесу процедурасы шеңберінде коммуникация процесі тұрғысынан коммуникациялық диалогтарды құрудың негізгі іргелі тұжырымдамаларын, жобалау әдістерін меңгеру Пайдаланушы интерфейсін жобалаудың және құрастырудың заманауи құралдарын (прототиптеу құралдарын қоса алғанда), объективті және субъективті usability тестілеуді өткізу кезінде пайдаланушы интерфейсін тестілеудің заманауи құралдарын меңгеру.
5. Нақты уақыт жүйелерінің қызмет ету алгоритмдері мен әдістері, архитектурасы білімін пайдалану қабілеті Нақты уақыт жүйелерінің бағдарламаларын әзірлеуде жүйелік құралдарды қолдану, нақты уақыт жүйелерінің сипаттамалары мен тиімділік көрсеткіштерін есептеу және талдау
6. Виртуалды және толықтырылған шынайылық қосымшаларын жобалаудың заманауи әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті VR/AR қосымшаларда мультимодальды пайдаланушылардың өзара әрекеттесуі және қабылдау технологиялары бойынша негізгі білімді қолдану
Интерактивті қосымшаларды әзірлеудің заманауи әдістерін қолдану
7. Ақпараттық сервистерді құру және пайдалану процестерін басқару қабілеті Ойын және веб интерфейстерді жүзеге асыру үшін қосымшаларды әзірлеудің заманауи әдістерін қолдану
Интуитивті түсінікті қимыл интерфейсі бар нақты мобильді қосымшаны әзірлеу үшін бағдарламалық құралдар мен қолданбалы бағдарламалардың интерфейстерін таңдау және бағалау
8. Кәсіби қызмет объектілерінің әртүрлі модельдеріне арналған жоғары жүктемелі масштабталатын жүйелерді әзірлеу қабілеті Бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жоғары жүктемелі масштабталатын жүйелерді әзірлеудің заманауи құралдары мен технологияларын игеру