Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 8D06101 - Ақпаратық жүйелер (сала бойынша)
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру және әртүрлі салалардағы күрделі ақпараттық жүйелерді, үдерістер мен технологияларды талдау, жобалау және басқаруға бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кәсіби білім мен мәдениеттің жоғары деңгейі бар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- ғылыми шығармашылық және білімді басқару әдіснамасын қолдана отырып, ақпараттық процестер мен ресурстарды теориялық және эксперименттік зерттеу;
- басқарудың әртүрлі деңгейлерінде шешім қабылдауды қолдау үрдістері мен ақпараттық жүйелерді математикалық, алгоритмдік, техникалық, ақпараттық, аналитикалық қамтамасыз ету;
- үлкен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін және Data Mining технологиясын қолдана отырып, күрделі ресурстарды қажетсінетін есептер;
- заманауи ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құрудың зерттеу және тәжірибелік міндеттері;
-ғылыми-зерттеу жобаларының өтінімдері, АКТ саласындағы ғылыми жарияланымдар;
- АТ-мамандарын даярлау бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылық қызмет.
Кәсіби қызмет объектісі:

- ақпараттық процестер мен ресурстарды модельдеу, бағалау, оңтайландыру және ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құру саласындағы міндеттерді шешумен байланысты ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік ұйымдар;
- жоғары білім беру ұйымдары, кәсіптік білім беру ұйымдары;
- мемлекеттік басқару органдары, жобалау ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қаржы ұйымдары.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу қызметі;
- жобалау-конструкторлық қызмет;
- жобалау-технологиялық қызмет;
- эксперименттік-зерттеу;
- ғылыми-педагогикалық қызмет.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- ғылыми шығармашылық және білімді басқару әдіснамасын қолдана отырып, ақпараттық үдерістер мен ресурстарға теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізу;
- басқарудың әртүрлі деңгейлерінде шешімдер қабылдауды қолдау үшін ақпараттық жүйелер мен процестерді математикалық, алгоритмдік, техникалық, ақпараттық, аналитикалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
- үлкен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін және Data mining технологиясын қолдана отырып, күрделі ресурстарды қажетсінетін міндеттерді шешу;
- заманауи ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құрудың зерттеу және практикалық міндеттерін шешу;
- АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларының өтінімдерін құру және бағалау;
-орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша презентациялар, ғылыми-техникалық есептер дайындау, ғылыми-техникалық конференцияларда мақалалар және баяндамалар түрінде зерттеу нәтижелерін ресімдеу;
- АТ-мамандарын даярлау бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің негізгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Ғылыми (ғылыми-техникалық) және ғылыми-педагогикалық міндеттерді шешуге арналған кәсіби пікірталастарға ауызша немесе жазбаша түрде қатысуға, халықаралық ғылыми журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялауға қабіліттілік. Ұлттық және халықаралық жарияланымдардың ақпараттық ресурстарын іздестіру, өңдеу және ғылыми жарияланымдарды шет тілінде дайындау.
Ғылыми байланыстар мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
2. Ақпараттық үрдістер мен ақпараттық ресурстарды модельдеу, бағалау және оңтайландыру, жаңа зерттеу әдістерін және ақпараттық технологияларды жасау, ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құрудың жаңа принциптерін әзірлеу саласындағы зерттеулер жүргізу қабілетті. АКТ саласында өзара әрекеттесудің тұжырымдамаларын, стратегияларын, функционалдық үлгілерін құру және өзара әрекеттесу үшін тиісті ғылыми проблемаларды және әдіснамаларды анықтау.
Ақпараттық үрдістер мен ресурстарды теориялық және эксперименттік зерттеу үшін ғылыми шығармашылықтың және білім басқару әдіснамасын қолдану.
3. Жүйелік талдау, ақпаратты өңдеу, оңтайландыру, басқару және шешім қабылдау әдістерін әзірлеу және қолдану мүмкіндігі. Күрделі жүйелер мен ақпараттық үдерістерді басқаруда жүйелік талдау, оңтайландыру, математикалық модельдеу әдістерін қолдану.
4. Зерттеу міндеттерін қалыптастыруға және деректерді интеллектуалды өңдеу, машиналық оқу, үлкен деректерді өңдеу және ақпараттық үдерістер мен ресурстарды оңтайландыру үлгілері мен әдістеріне негізделген шешу жолдарын табуға қабілетті. Үлкен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін және Data mining технологиясын күрделі ресурстық міндеттерді шешуде қолдану.
5. Ақпараттық жүйелер мен үдерістерді дамытудың және ұйымдастырудың жаңа қағидаттарын жасауға және қолдануға, басқарудың түрлі деңгейлерінде шешімдер қабылдау үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді пайдалануға қабілетті. Ақпараттық жүйелер мен үдерістердің математикалық, алгоритмдік, техникалық, ақпараттық, лингвистикалық қамтамаларын құру.
Басқарудың әртүрлі деңгейлерінде шешім қабылдауды қолдау үшін зияткерлік ақпараттық жүйелер мен компоненттерді құру.
6. Ғылыми зерттеулерді өз бетімен жүргізу, теориялық, әдістемелік және практикалық нәтижелерді алуға және кешенді зерттеулерді, оның ішінде пәнаралық және АКТ саласында жүзеге асыру үшін ғылыми гранттарды алуға өтінім мен есеп беру құжаттамасын кәсіби құру және ресімдеуге қабілетті. Жаңа білім мен жаңа шешімдер алуға әкелетін АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларының негізделген өтінімдерін немесе түсіндірме жазбаларын әзірлеу.
7. АКТ саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін, оның ішінде басқа мамандар орындаған жарияланымдық белсенділіктің халықаралық дерекқорларының көмегімен объективті бағалау қабілеті. АКТ саласында өзінің және танымал ғылыми зерттеулерді бағалау және стратегиялық шешімдерді әзірлеуге аналитикалық материалдар даярлау.
8. АКТ саласындағы күрделі зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде идеяларды генерациялау және инновациялық қызметтің нәтижелерін болжау, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өндірістік және ғылыми процестерді басқару қабілеті. АТ-мамандарын даярлау бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің негізгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру.
Заманауи ақпараттық жүйелер мен АТ инфрақұрылымын құрудың зерттеу және практикалық міндеттерін шешудің жаңа идеяларын ғылыми қоғамдастыққа жеткізу.